Конкурс туралы мәліметтер
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Жеке қасиеттерді бағалауға тестілеу:
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: .
Әңгімелесу:
Анықтама телефоны: 87163521202
E-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Жақсы ауданы Беловод ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман «E-G-3» санаты, 1 бірлік.
Негізгі функционалдық міндеттері: Әлеуметтік сала мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың есебін ұйымдастырады және жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсетеді. Шаруа қожалықтарын, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін шаруашылық бойынша есепке алуды, тұрғын үй қорының жағдайын есепке алуды және бақылауды жүргізеді. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.А блогы, 4 деңгей.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе педагогика ғылымдары немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе қызметтер немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында.
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағымдану тәртібі
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3981941754