Жақсы ауданы бойынша аумақтық және округтік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және округтік сайлау комиссиясының шекаралары туралы хабарлама

Жақсы ауданы бойынша аумақтық және  округтік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері  және округтік сайлау  комиссиясының шекаралары  туралы

хабарлама

 

           Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  2024 жылғы 11 қазандағы «№ 1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жақсы аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы» № 59/16 қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі аумақтық және округтік  сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және округтік сайлау комиссиясының шекараларын хабарлаймыз.

 

Жаксы аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

 

             Орналасқан   жері: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы,  Дружба көшесі, 14,   тел: 8 (71635) 21-4-04.

            Комиссия  төрайымы –Тлепова Рената Рахимбекқызы; төрайымның орынбасары – Ишамбеков Данияр Тендікұлы; хатшы – Төлеубай Манас Сапиуллаұлы; комиссия мүшелері: Әбілжанов Руслан Жанарұлы, Жұмашева Айгүл Мерекеқызы, Райсова Ксения Вячеславовна, Садвокасова Ләйлім Кенжебайқызы.

 

№ 1 сайлау округі

 

Округтік сайлау комиссиясының  орналасқан жері: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Киев ауылы, Дружба көшесі, 14, тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі ғимараты, тел: 8 (71635) 97-1-23.

Шекаралары: Киев ауылы, Калинин ауылы, Моховое ауылы, Қалмақкөл ауылы.

 

 

Жаксы аудандық аумақтық

 сайлау комиссиясы

Дата публикации
16 октября 2024