Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін референдум учаскелерінің тізбесін бекіту туралы Жақсы аудандық аумақтық референдум комиссиясының ШЕШІМІ

Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін

референдум учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

Жақсы аудандық аумақтық референдум комиссиясының

ШЕШІМІ

 

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 3-тармағының негізінде учаскелік референдум комиссияларының ұсынуы бойынша референдум комиссиясы ШЕШТІ:

 

  1. Егер тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесі бекітілсін:

           

Р/б

№

Учаскенің №   

Учаскенің орналасқан жері

1.        

№ 791

Жақсы ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 29, «Жақсы аудандық ауруханасы»

2.        

№ 792

Жақсы ауылы, Кенжеш Түктібаев атындағы көшесі, 37, «Жақсы ауданының полиция бөлімі»

 

  1. Бұл учаскелерінде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталсын.
  2. Осы шешімнің көшірмесі Ақмола облыстық аумақтық референдум комиссиясына жіберілсін.

 

 

Комиссия төрағасы                                                                        Р.Тлепова

                           

 

Комиссия хатшысы                                                                                      М. Төлеубай

                                                                                           

 

 

 

2024 жылғы 25 қыркүйек

                      

 

 

Дата публикации
26 сентября 2024