Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы №7ВС-2-1 «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жақсы аудандық мәслихатының «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 19 қаңтардағы №7ВС-2-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8334 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 2, 6, 7, 9, 16, 17, 29-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

«2. Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы «Аудандық мәдениет Үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Жақсы ауылы, Дружбы көшесі, 14 А.

  1. Алаң, Беловод ауылы, Амангелді Иманов көшесі, 2.
  2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Беловод ауылы, Мәншүк Мәметова көшесі бойынша Амангелді Иманов көшесінің қиылысына дейін.
  3. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жаңа Қийма ауылы, М. Маметова көшесі бойынша Жеңіс көшесінің қиылысына дейін.
  4. Алаң, Киев ауылы, Абай көшесі, 174.
  5. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Киев ауылы, Целинная және Парковая көшелерінің қиылысынан Абай көшесі бойынша орналасқан алаңға дейін.
  6. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Чапай ауылы, Орталық көшесі бойынша Горький көшесінің қиылысына дейін.»;

көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының 4-тармағының 2), 6), 7), 9), 16), 17), 29) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

«2) Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы «Аудандық мәдениет Үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Жақсы ауылы, Дружбы көшесі, 14 А, шекті толу нормасы 150 адам;

6) алаң, Беловод ауылы, Амангелді Иманов көшесі, 2, шекті толу нормасы 60 адам;

7) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Беловод ауылы, Мәншүк Мәметова көшесі бойынша Амангелді Иманов көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 60 адам;

9) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жаңа Қийма ауылы, М. Маметова көшесі бойынша Жеңіс көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 80 адам;

16) алаң, Киев ауылы, Абай көшесі, 174, шекті толу нормасы 70 адам;

17) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Киев ауылы, Целинная және Парковая көшелерінің қиылысынан Абай көшесі бойынша орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 70 адам;

29) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Чапай ауылы, Орталық көшесі бойынша Горький көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 50 адам.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

Дата публикации
18 сентября 2024