2024 жылғы 15 қыркүйекте өткен Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округі және Киев ауылы әкімінің сайлауы қорытындылау туралы хабарлама

2024 жылғы 15  қыркүйекте өткен Жақсы ауданы

Қызылсай ауылдық округі және Киев ауылы әкімінің сайлауы

қорытындылау туралы хабарлама

 

          2024 жылғы 15 қыркүйекте  Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округі және Киев ауылы әкімдерін бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

          Жақсы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округі және Киев ауылы әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Қызылсай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша

Қызылсай сайлау округі:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 344 азамат енгізілді, олардың 305 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 3.

         Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Ахметов Сайранбек Келденұлы – 259 (84,92%); Жұмашева Айгүл Мерекеқызы – 23 (7,54%); Қасымова Ләззат Узақпайқызы – 20 (6,56%).

         Қызылсай  ауылдық округі әкімі болып Ахметов Сайранбек Келденұлы сайланды, 1993 жылы туған, «Жақсы ауданының Қызылсай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ ауылдық округінің әкімі, Киров ауылының тұрғыны,  AMANAT партиясы арқылы ұсынылды.

Киев ауылы әкімінің сайлауы бойынша

Киев сайлау округі:

          Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 365 азамат енгізілді, олардың 307 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 34.

         Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

          Әкімбекова Лаззат Аманжолқызы – 32 (10,42%); Сыздықов Елжас Мұратұлы – 215 (70,03%); Таженова Гүлнүр Жанатқызы – 26 (8,47%).

           Киев ауылы әкімі болып Сыздықов Елжас Мұратұлы сайланды, 1991 жылы туған, «Жақсы ауданының Жақсы ауылы әкімінің аппараты» ММ-сінің бас маманы, Жақсы ауылының тұрғыны,  AMANAT партиясы арқылы ұсынылды.

 

           Жақсы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2024 жылғы 16 қыркүйектегі шешімімен 2024 жылғы 15 қыркүйекте Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округі және Киев ауылы сайланған әкімдерін тіркеді.

 

 

 

Жақсы аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
16 сентября 2024