«Б» корпусының бос әкімшілік және мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс

«Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ

Конкурс туралы мәліметтер

Құжаттарды қабылдау мерзімі:  03.09.2024 - 09.09.2024

Жеке қасиеттерді бағалауға тестілеу:  10.09.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 13.09.2024

Әңгімелесу: 18.09.2024

Анықтама телефоны: 87163521202

E-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

  1. «Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржылық-шаруашылық қызмет бөлімінің бас маманы, «E-4» санаты, 1 бірлік.

Негізгі функционалдық міндеттері: Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін, өтініштерін есепке алуды жүзеге асырады, тұлғалардың өтініштері бойынша деректердің «Е-otinish» ақпараттық жүйесіне уақтылы енгізілуін қамтамасыз етеді. Адамдардың өтініштері бойынша есептерді жоғары тұрған мемлекеттік органға ұсынады.  Аудан әкімінің, аудан әкімінің орынбасарларының, аппарат басшысының жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауын ұйымдастырады және өтініштердің орындалуын бақылайды. Құжаттау қағидаларына сәйкес аудан әкімінің, әкімдігінің құқықтық актілерінің және өзге де құжаттардың қолтаңбаларымен және мөрлерімен куәландыру бойынша жұмысты жүзеге асырады. Әкімдік қаулыларын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, аппарат басшысының негізгі қызметі бойынша бұйрықтарын тіркеу журналын жүргізеді. Аудан әкімдігінің ақпараттық жүйелеріне үздіксіз жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Өз бағыттары бойынша тиісті іс қағаздарын жүргізеді (құқықтық актілерді тігу және сақтау).    Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады. В блогы, 3 деңгей.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі немесе педагогика ғылымдары немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе бизнес, басқару және құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе қызметтер немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында.

Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

          Шағымдану тәртібі

Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

 

 

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3895790423

Дата публикации
02 сентября 2024