«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы:
Қызылсай ауылдық округі әкімдігіне үш кандидаттарды тіркеді:
- Сайранбек Келденұлы Ахметов - 1993 жылы туған, «Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округі аппараты» ММ-сі, әкім, Киров ауылында тұрады (AMANAT партиясы ұсынған)
- Айгүл Мерекеқызы Жұмашева - 1987 жылы туған, «Жақсы ауданы Жақсы ауылы аппараты» ММ-сі, бас маман, Жақсы ауылында тұрады (өзін-өзі ұсынған)
- Ләззат Ұзақпайқызы Қасымова –1964 жылы туған, «Жақсы ауданы Ешім ауылдық округі аппараты» ММ-сі, бас маман-есепші, Ешім ауылында тұрады (өзін-өзі ұсынған)
және Киев ауылы әкімдігіне үш кандидаттарды тіркеді:
- Лаззат Аманжолқызы Әкімбекова - 1971 жылы туған, «Жақсы ауданы Белағаш ауылы аппараты» ММ-сі, бас маман, Белағаш ауылында тұрады (өзін-өзі ұсынған)
-Елжас Мұратұлы Сыздықов - 1991 жылы туған, «Жақсы ауданы Жақсы ауылы аппараты» ММ-сі, бас маман, Жақсы ауылында тұрады (AMANAT партиясы ұсынған).
- Гүлнұр Жанатқызы Таженова-1990 жылы туған, «Жақсы ауданы Жаңақима ауылдық округі аппараты» ММ-сі, бас маман-есепші, Жаңақима ауылында тұрады, (өзін-өзі ұсынған).
Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округі мен Киев ауылы әкімдігіне тіркелген кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар, ол кандидатты тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады.
2024 жылдың 25 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2024 жылдың 14 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы «Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» 12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі