2024 жылдың 15 қыркүйекке
тағайындалған Жақсы ауданы Киев ауылы әкіміне
үміткерлерді тіркеу туралы Жақсы аудандық
аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес, Қызылсай ауылдық округі және Киев ауылы әкіміндеріне үміткерлерді тіркеу туралы 2024 жылғы 21 тамыздағы хаттамалар негізінде:
- Киев ауылы әкіміне кандидат болып Гүлнұр Жанатқызы Таженова тіркелді, 1990 жылы туған, «Жақсы ауданы Жаңақима ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маман-бухгалтері, Жақсы ауданы Жаңа Қима ауылында тұрады;
- Киев ауылы әкіміне кандидат болып Ләззат Аманжолқызы Әкімбекова тіркелді, 1971 жылы туған, «Жақсы ауданы Белағаш ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Жақсы ауданы Белағаш ауылында тұрады.