Ақмола облысы Жақсы ауданының Қызылсай ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша сайлау округінің шекарасын құру, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама

Ақмола облысы Жақсы ауданының Қызылсай ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша сайлау округінің шекарасын құру, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама

 

        «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағына, 14-бабының  6) тармақшасына, 21-бабының 4 тармағына, 22-бабына, «Ақмола облысы Жақсы ауданының Қызылсай ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы» Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 7 тамыздағы № 20/6  қаулысына сәйкес, Қызылсай ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округінің құрылғаны туралы, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.

         Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі сайлау округі Қызылсай ауылдық округі шекарасындағы Қызылсай ауылдық округі сайлау округі болып табылады.

Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Орналасқан жері: Жақсы ауылы, Дружба көшесі 14, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі және тұрғын үй инспекциясы ғимараты, тел.8 (71635) 21-4-04.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы:

төрайымы – Тлепова Рената Рахымбекқызы;  

төрайымының орынбасары- Ишамбеков Данияр Тендікұлы;

хатшы – Төлеубай Манас Сапиуллаұлы; 

комиссия мүшелері: Әбілжанов Руслан Жанарұлы, Жұмашева Айгүл Мерекеқызы, Садвокасова Ләйлім Кенжибайқызы.

 

 

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
07 августа 2024