2024 жылғы 21 шілдеде өткен Жақсы ауданы Белағаш ауылы әкімінің сайлауы қорытындары туралы
ХАБАРЛАМА
2024 жылғы 21 шілдеде Жақсы ауданы Белағаш ауылы әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Жақсы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жақсы ауданы Белағаш ауылы әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Белағаш ауылы әкімінің сайлауы бойынша
Белағаш сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 537 азамат енгізілді, олардың 456 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Есмағамбетов С.Қ. – 393; Нарбұтанова Г.Қ. – 28; Ібікенова Қ.М. - 35.
Белағаш ауылы әкімі болып Есмағамбетов Серік Қапезұлы сайланды, 1975 жылы туған, Ақмола облысы кәсіпкерлер Палатасы Жақсы аудандық филиалының директоры, Жақсы ауылының тұрғыны, AMANAT партиясы арқылы ұсынылды.
Жақсы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2024 жылғы 22 шілдедегі шешімімен Жақсы ауданы Белағаш ауылы 2024 жылғы 21 шілдеде сайланған әкімін тіркеді.
Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы