«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес алынған құжаттарды қарап, және Жақсы ауданы Белағаш ауылы әкіміне үміткерлерді тіркеу туралы хаттамалар негізінде, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы шешім қабылдады:
- Серік Қапезұлы Есмағамбетов, 1975 жылы туған, Жақсы ауданы Жақсы ауылының тұрғыны, Ақмола облысы кәсіпкерлер Палатасы Жақсы ауданы филиалының директоры, «AMANAT» партиясынан ұсынды;
- Гүлмира Қаппасқызы Нарбутанова, 1979 жылы туған, Жақсы ауданы Тарасов ауылының тұрғыны, «Жақсы ауданы Тарасов ауылы әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы, өзін-өзі ұсынды;
- Қаламқас Манатқызы Ібікенова, 1973 жылы туған, Жақсы ауданы Ешім ауылының тұрғыны, «Жақсы ауданы Ешім ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы, өзін-өзі ұсынды.