Нормативтік құқықтық актілерді
әзірлеу, келісу және мемлекеттік
тіркеу қағидасына
1-қосымша
Үлгі
«Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
шешім жобасына
түсіндірме жазба
жобаның атауы
- Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы – «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.
- Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Үкіметтің және Үкімет Аппаратының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелеріне сілтеме жасай отырып, Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау үшін негіздемелер - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 23 желтоқсандағы № 50-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 наурыздағы № 228 қаулысының 6-тармағымен сәйкес. 3. Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай – ақ қажет болған жағдайда - республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі) – Облыстық және жергілікті бюджеттер есебінен
- Нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар, сондай - ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге нормативтік құқықтық акт жобасының ережелерінің әсері – Жоқ.
- Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері – әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау.
- Нормативтік құқықтық актінің жобасында қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілер және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер - «Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8676-03 болып тіркелген).
- Заңнаманы нормативтік құқықтық актінің енгізілетін жобасына сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) не мұндай қажеттілік болмаған жағдайда - жоқ.
- Нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет – порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны) – Жақсы ауданының әкімдігі сайтында «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15079543#21, 2024жылы 06.06.орналастырылған, байт .
- Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында – Баспасөз релизі Жақсы ауданы әкімдігінің 2024 жылы 06.06.сайтында орналастырылған.
- Нормативтік құқықтық акт жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі-Жоқ.
- Нормативтік құқықтық актінің жобасын қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысу нәтижелері – Талап етпейді
«Жақсы ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» ММ басшысы Т. Копылова