«Жақсы ауданының Терісаққан ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

«Жақсы ауданының Терісаққан ауылы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Жақсы ауданының Терісаққан ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімнің аппараты) ауыл әкімінің  қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  2. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясынажәне заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. Әкім аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
  5. Әкім аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  6. Ауыл әкімі өз құзырлығы шегіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте, ауыл аумағында міндетті күші бар шешімдер мен өкімдер түрінде құқықтық актілер шығарады.
  7. Әкім аппаратының толық атауы: «Жақсы ауданының Терісаққан ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және заңды мекен-жайы: 021012, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Терісаққан  ауылы, Майкотов көшесі, 15.
  8. Ауыл әкімінің аппаратын Жақсы ауданының әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.
  9. Әкім аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  10. Әкім аппаратына функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
«Жақсы ауданының Терісаққан ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
30 января 2024