«Жақсы ауданының Беловод ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
- «Жақсы ауданының Беловод ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкімнің аппараты туралыережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
- Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы
- Ауылдық округ әкімі өз құзырлығы шеғіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте, округ аумағында міндетті күші бар шешімдер мен өкімдер түрінде құқықтық актілер шығарады.
- Әкімнің аппараты толық атауы :«Жақсы ауданының Беловод ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және заңды мекен жайы: 021016, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Беловод ауылы, Ленин көшесі,33.
- Ауылдық округ әкімінің аппараты Жақсы ауданының әкімдігі құрады,қысқартады және қайта ұйымдастырады.
- Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсугежол берілмейді.