2023 жылғы 5 қарашада өткен Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2023 жылғы 5 қарашада өткен Ақмола облысы  Жақсы ауданы  әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

 

2023 жылғы 5 қарашада Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 10946 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 8525 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 4, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 222 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Жақсы ауданы әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

 

Жақсы ауданы бойынша

 

Жұмағұлов Рүстем  Сапарғалиұлы үшін сайлаушылардың 798 дауысы берілді,

Қадыралина Алмагүл Аманжолқызы үшін сайлаушылардың 6644 дауысы берілді,

Оспанов Ербол Амангелдіұлы үшін сайлаушылардың 528 дауысы берілді.

 

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 475.

 

Сайлау қорытындыларымен Жақсы ауданының әкімі болып:

Қадыралина Алмагүл Аманжолқызы сайланды, 1978 жылы туған, Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімі, Жақсы ауданы Жақсы ауылы.

 

 

 

Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2023 жылғы 5 қарашада өткен Ақмола облысы  Жақсы ауданы  әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама
Дата публикации
06 ноября 2023