Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидалары

 

Үлескерлердің ақшасын тартуға
рұқсат беру және
"Үлескерлердің ақшасын
тартуға рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша

 

нысан

 

____________________________
(жергілікті атқарушы органның
атауы)
әкімі
___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
(болған жағдайда)

Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтініш

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың деректемелері, байланыс телефоны, заңды тұлғаның атынан әрекет ететін жеке тұлға – өтініш берушінің мекенжайы)

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атынан осы өтінішті беруге өтініш берушінің өкілеттіктерін растайтын

      _____________________________________________________________________

      нотариалды немесе өзге жолмен куәландырылған құжатқа сілтеме)

      _____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің жұмыс орны және лауазымы,

      _____________________________________________________________________

      тұрғылықты жері, заңды мекенжайы)

      ___________________________________________________

      (орналасқан жері, жер учаскесінің кадастрлық нөмірі)

      бойынша орналасқан, алаңы ___________, __________қабатты тұрғын үй (тұрғын ғимарат) салу үшін үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беруіңізді сұраймыз.

      Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес объектіні пайдалануға беру мерзімі 20__ жылғы "___" _______.

      Өтініш берушілер мен осы өтінішті берген заңды тұлғаның бірінші басшылары өтінішке қоса берілген құжаттардың шынайылығына, сондай-ақ осы өтінішті қарауға байланысты сұрау салынатын ақпараттың жергілікті атқарушы органға уақтылы ұсынылуына толық жауап береді.

      Қосымша (жіберілетін құжаттардың атауы жазылған тізілімді, даналар санын және олардың әрқайсысының парақ санын көрсету керек):

      __________________________________

      (Құрылыс салушының қолы, күні)

      _________________________________

      (Уәкілетті компанияның қолы, күні)

 

Үлескерлердің ақшасын тартуға
рұқсат беру және
"Үлескерлердің ақшасын
тартуға рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті
берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) Мемлекеттік корпорация;
2) портал.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

8 (сегіз) жұмыс күні

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет электрондық кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы "броньдауға" болады.
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттардың тізбесі

1. Мемлекеттік корпорацияға:
1) екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде:
үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтініш;
құрылыс салушының республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он сегіз мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде тоғыз мың шаршы метр тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде үш жыл тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау актісі;
мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне арналған акті ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде);
кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы;
2) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде:
үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтініш;
салынған объектілердің тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау соңғы бес жыл бойы, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыс кезінде жиынтығында жалпы алаңы кемінде алпыс мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыс кезінде кемінде отыз мың шаршы метр тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) Қазақстан Республикасының аумағында салуға және объектіні пайдалануға қабылдау актісі. Бұл ретте құрылыс салушының еншілес ұйымдарының жиынтық тәжірибесі есепке алынады;
мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне арналған акті ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде);
кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы;
тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасының аяқталған құрылысының болуы туралы инжинирингтік компанияның есебі;
инжинирингтік компаниямен шарт.
Көрсетілген құжаттармен бiрге көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға олардың көшiрмелерiн ұсынады. Салыстырып тексеруден кейiн құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
2. Порталға:
1) екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде:
көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтініш;
құрылыс салушының республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он сегіз мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде тоғыз мың шаршы метр тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде үш жыл тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау актісінің электрондық көшірмесі;
мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне арналған актісінің электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасының электрондық көшірмесі;
2) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде:
көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтініш;
салынған объектілердің тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау соңғы бес жыл бойы, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыс кезінде жиынтығында жалпы алаңы кемінде алпыс мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыс кезінде кемінде отыз мың шаршы метр тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) Қазақстан Республикасының аумағында салуға және объектіні пайдалануға қабылдау актісінің электрондық көшірмесі. Бұл ретте құрылыс салушының еншілес ұйымдарының жиынтық тәжірибесі есепке алынады;
мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне арналған актісінің электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде);
кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасының электрондық көшірмесі;
тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасының аяқталған құрылысының болуы туралы инжинирингтік компанияның есебінің электрондық көшірмесі;
инжинирингтік компаниямен шарттың электрондық көшірмесі.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) анық емес екенін анықтау;
2) құрылыс салушының және (немесе) уәкілетті компанияның Заңның 9-бабының 1 және 3-тармақтарында және 10-бабының 1 және 3-тармақтарында белгіленген бір немесе бірнеше талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызмет алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

1. Тыныс-тіршілігін шектейтін кемістіктерден организмінің функциялары тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
2. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
3. Көрсетілетін қызметті алушы порталдың алыстан қол жеткізу режимінде "жеке кабинеті", қызмет көрсетушінің анықтама қызметі, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы "1414", 8 800 080 7777 арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және статусы туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді алу үшін электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алушы субъектілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольді пайдалана алады.

Жүктеу

 

 

Үлескерлердің ақшасын тартуға
рұқсат беру және
"Үлескерлердің ақшасын
тартуға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
қағидаларына
3-қосымша

 

нысан

      ___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (құрылыс салушы және уәкілетті компанияның толық атауы) ____________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №__ бөлімі (мекенжайы: ___________________________________) ____________________________________ мемлекеттік қызмет көрсетуге (Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткендіктен бас тартады, атап айтқанда:

      Ұсынылмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атауы:

      1)__________________________________________________________;

      2)__________________________________________________________;

      3)__________________________________________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      __________________________________________             _______________

      (осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды)            (қолы)

      (мемлекеттік корпорацияның жұмыскері)

      Орындаушы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _________ Телефон __________

      Алдым: ____________________________ _____________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20 __ жылғы "__" _________

 

Үлескерлердің ақшасын тартуға
рұқсат беру және
"Үлескерлердің ақшасын
тартуға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
қағидаларына
4-қосымша

 

нысан

(Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бар көрсетілетін қызметті берушінің бланкісі)

Үлескерлердің ақшасын тартуға № ___ рұқсат

      20__ жылғы "___" _____

      ___________________

      (орналасқан жері)

      Осы рұқсат

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жер учаскесінің кадастрлық нөмірі, орналасқан жері)

      бойынша орналасқан, ауданы ____________, ______ қабатты тұрғын үй

      (тұрғын ғимарат) салу үшін______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (құрылыс салушы және уәкілетті компанияның толық атауы,

      бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)

      үлескерлердің ақшасын тартуға берілді.

      Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес объектіні пайдалануға енгізу мерзімі 20__ жылғы "___" _________.

      Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат объектіні пайдалануға беру мерзіміне дейін заңды күшінде болады.

      Әкім (Әкімнің орынбасары)

      _______________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы) Мөрдің орны (болған жағдайда)

 

Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидалары
Дата публикации
23 октября 2023