Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидалары

 

Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес жүріп-тұруы қиын
бірінші топтағы мүгедектігі бар
адамдар үшін жеке көмекшінің
әлеуметтік қызметтерін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер

  1. Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға:

      1) толық соқырлық;

      2) түзетумен екі көзінің де 0,03-ке дейін көру жітілігі;

      3) елеулі немесе айқын түрде білінетін вестибулярлық мишықтың бұзылуы;

      4) елеулі немесе айқын түрде білінетін гиперкинетикалық амиостатикалық синдром;

      5) паркинсонизм (елеулі немесе айқын түрде білінетін акинетикалық-регидтік түрі);

      6) елеулі немесе айқын түрде білінетін: ауру немесе жарақаттар салдарынан туындаған гемипарез, төменгі парапарез, трипарез;

      7) гемиплегия, триплегия, параплегия;

      8) елеулі немесе айқын түрде білінетін қанайналымы және тыныс функцияларының бұзылуы (ІІІ кезеңдегі қанайналым жеткіліксіздігі, ІV функционалдық сыныпты стенокардияға сәйкес қан тамыр жеткіліксіздігі, ІІ-ІІІ және ІІІ кезеңдегі өкпе-жүрек жеткіліксіздігімен қосарланған ІІІ дәрежелі тыныс жеткіліксіздігі және т.б.);

      9) елеулі немесе айқын түрде білінетін несеп шығару жүйесі қызметінің бұзылуы (ІІІ-ІV дәрежедегі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі);

      10) буын функцияларының ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қатар ағзаның статикалық-динамикалық функцияларының елеулі немесе айқын түрде білініп бұзылуы;

      11) қолдардың екеуінің де протездеуге арамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын ампутациялық тұқылдары;

      12) қолдардың екеуінде де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын туа біткен ауытқулардың болуы;

      13) екі санның протездеуге жарамсыз ампутациялық тұқылдары;

      14) протездеуге жарамсыз жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын, қолдардың білінетін функционалдық бұзушылықтары бар балтырлардың ампутациялық тұқылдары;

      15) жүріп-тұрудың ІІІ дәрежеде бұзылуымен қоса, аяқтардың дамуындағы туа біткен ауытқулар;

      16) қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар функцияларының ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қоса жамбастың және тізе буындарының екеуінің де функционалдық тұрғыдан қолайсыз қалыптағы анкилоздары;

      17) қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар функцияларының ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қоса, жамбастың және тізе буындарының екеуінің де елеулі немесе айқын білінетін контрактуралары медициналық көрсетілімдер болып табылады.

  1. Мамандандырылған медициналық ұйымдарда емделуді талап ететін мынадай аурулар:

      1) бактерия тарататын туберкулез (БК+);

      2) жұқпалы тері және шаш аурулары;

      3) жыныс аурулары;

      4) неврозды, невроз тәріздес жай-күйлерді, жеңіл дәрежедегі есуастықты, ұстамалары сирек (2-3 айда бір реттен аспайтын) түрлі этиологиядағы тырыспа синдромдарын қоспағанда, жарыместіксіз және жеке тұлғаның білініп бұзылуынсыз орны алатын психикалық бұзушылықтар мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады.

 

Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес жүріп-тұруы қиын
бірінші топтағы мүгедектігі бар
адамдар үшін жеке көмекшінің
әлеуметтік қызметтерін
көрсету қағидаларына
2-қосымша

 

Нысан

 

Жергілікті атқарушы
органның басшысына
_________________________
_________________________

Жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуға өтініш

      Тегі ______________________________________________________________

      Аты _______________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) ______________________________________________

      Туған күні: _________________________________________________________

      Мүгедектік _________________________________________________________

      Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: _______________________________

      Құжат нөмірі: _____________________ кім берген: ____________________

      Берілген күні: "____" ______________________ ______ жылы

      Жеке сәйкестендіру нөмірі: ____________________________________________

      Тұрақты тұратын (тіркелген) жерінің мекенжайы

      Облыс ______________________________________________________________

      қала (аудан) _______________________ ауыл: _____________________________

      көше (шағын аудан) ___________________ -үй ______ -пәтер ___________

      Телефон _____________________________________________________________

      Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсыну үшін:

      Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы

      Мемлекеттік сатып алу арқылы құжаттар қабылдауды сұраймын.

      (керегінің астын сызу)

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

№

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтар саны

Ескертпе

       
     

 

Жүктеу

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту құралдары мен қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу үшін қажетті ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      20____ жылғы "____" ______________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (Өтініш берушінің (заңды өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      __________________________________________________________________________

      (Өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)

      20____ жылғы "____" _______________________________________________________

      - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -- - - - - - - - - -

                                          кесу сызығы

      Азаматтың өтініші _____________________________________________ қабылданды.

      Өтінішті қабылдау күні 20___жылғы "____"

      __________________________________________________________________________

      (Өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)

 

Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес жүріп-тұруы қиын
бірінші топтағы мүгедектігі бар
адамдар үшін жеке көмекшінің
әлеуметтік қызметтерін
көрсету қағидаларына
3-қосымша

 

"Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының (бұдан әрі – қалалық басқармалар), аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері);
3) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – абоненттік құрылғысы) – проактивті қызмет;
4) www. egov. kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) Мемлекеттік корпорацияға, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінген кезде – құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні; проактивті қызмет көрсетілген кезде – келісім түскен күннен бастап бес жұмыс күні. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
2) Мемлекеттік корпорацияда құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдерінде – 30 минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда өтініш берушіге қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдерінде – 30 минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/проактивті/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуға құжаттарды рәсімдеу туралы хабарлама. Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының абоненттік құрылғысына смс-хабарлама жіберу арқылы қабылданған шешім туралы өтініш берушіні хабардар етеді. Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін. Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті веб-порталы арқылы броньдауға болады;
2) қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
3) веб-порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік корпорацияда, қалалық басқармаларда және жұмыспен қамту бөлімдерінде:
1) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамнан сенімхат алған адам жүгінген кезде нотариалды куәландыруды талап етпейтін бірінші топтағы мүгедектігі бар адамнан сенімхат.
Жеке басты куәландыратын, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар туралы, мүгедектігі туралы, тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған АОЖБ-ның әзірленген іс-шаралары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқарманың бөлімшелері, жұмыспен қамту бөлімдері уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады;
Веб-порталға: өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгілену;
2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары келесі интернет-ресурстарда орналастырылған:
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган – www. enbek.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2. Мемлекеттік корпорацияның – www.gov.kz. Өтініш берушінің жұмыспен қамту бөлімдерінің анықтамалық қызметтері, "1414" Бірыңғай байланыс орталығы, 8 800 080 7777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту қажет, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.
Уәкілетті мемлекеттік орган Қағидаларға өзгерістер енгізілген және (немесе) толықтырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды жаңартып және көрсетілетін қызметті берушілерге, Бірыңғай байланыс-орталығына, Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

Жүктеу

 

 

Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес жүріп-тұруы қиын
бірінші топтағы мүгедектігі бар
адамдар үшін жеке көмекшінің
әлеуметтік қызметтерін
көрсету қағидаларына
4-қосымша

 

Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып,

      __________________________________________________________________________

      ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының № __ бөлімі

      (мекенжайын көрсету)/республикалық маңызы бар, астананың, аудандардың және

      облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы)

      Сіздің мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарға байланысты "Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды, атап айтқанда: жоқ құжаттардың/қолдану мерзімі өткен құжаттардың атауы:

      1) ______________________________;

      2) ______________________________;

      3) ______________________________.

      қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.

      ________________________________________________________________________

      ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының № __ бөлімі

      (мекенжайын көрсету)/республикалық маңызы бар, астананың, аудандардың және

      облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы орган қызметкерінің тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса) (қолы)

      Алдым:

      _________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (бар болса)

      20___ жылғы "___" ___________

 

Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес жүріп-тұруы қиын
бірінші топтағы мүгедектігі бар
адамдар үшін жеке көмекшінің
әлеуметтік қызметтерін
көрсету қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Хабарлама

      Тегі _____________________________________________________________________

      Аты _____________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________________

      Құжаттың нөмірі: ______________________ кім берген: _________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі: _________________________________________________

      Тұрақты тұратын (тіркелген) жерінің мекенжайы:

      Облыс ___________________________________________________________________

      Қала (аудан) __________________________________________________________ ауыл:

      __________________________________________________________________________

      Көше (шағын аудан) ___________________ -үй _____________ -пәтер ______________

      Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсетуге құжаттарды рәсімдеу туралы хабардар етеміз.

      Өтініш қабылданды және "Е-собес" ААЖ кезегінің электрондық журналында 20__ жылғы "__" _____ № __ нөмірімен тіркелді.

      Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушіні таңдау мүмкіндігі туралы (aleumet.egov.kz) мобильді азаматтар базасында тіркелген Сіздің абоненттік ұялы байланысының телефон нөміріңізге смс-хабарлама жіберілетін болады.

      Мемлекеттік органның басшысы ___________________________________

      (тегі, аты, әкесінің (бар болса)

      20___ жылғы "___" ____________

 

Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес жүріп-тұруы қиын
бірінші топтағы мүгедектігі бар
адамдар үшін жеке көмекшінің
әлеуметтік қызметтерін
көрсету қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Смс-хабарлама журналы

      ____________________________________________________________

      (протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық құралдар, міндетті гигиеналық құралдар, жеке көмекшінің қызметтері, ымдау тілі маманының қызметтері, санаторий-курорттық емдеу, арнаулы жүріп-тұру құралдары)

№

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Іс №

1

2

3

4

5

       

 

Жүктеу

      кестенің жалғасы

Протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық құралдар, міндетті гигиеналық құралдар, жеке көмекшінің қызметтері, ымдау тілі маманының қызметтері, санаторий-курорттық емдеу, арнаулы жүріп-тұру құралдары

Хабраламаның сипаты/жауаптың коды

Смс-хабарлама жіберілген кезең

Телефон №

Маман

Жүктеу

 

 

Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес жүріп-тұруы қиын
бірінші топтағы мүгедектігі бар
адамдар үшін жеке көмекшінің
әлеуметтік қызметтерін
көрсету қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

Жеке көмекшінің ілесіп жүру парағы

      ____________________________________________________________

      өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), телефоны мекенжайы бойынша тұратын

      __________________________________________ 20___ жылғы _________ай үшін

№

Күні

Мүгедектігі бар адам жеке көмекшінің ілесіп жүруімен келген объектілердің тізбесі

Сағат саны

       
     

 

Жүктеу

      ____________________________________________________________

      Жеке көмекшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы/ЭЦҚ

      ____________________________________________________________

      Өтініш берушінің қолы /ЭЦҚ

      20___ жылғы "____" ____________

 

Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидалары
Дата публикации
23 октября 2023