"Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік кызмет көрсету қағидалары

 

"Ағаштарды кесуге рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.06.2023 № 418 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Ағаштарды кесуге рұқсат беру

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

3

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz

4

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Портал арқылы өтініш берген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)

6

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған ағаштарды кесуге рұқсат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап порталдағы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі

7

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету кезінде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жер учаскесіне құқығын беретін құжаттың электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасында тіркелмеген жағдайда);
кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы (мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы) (мәліметтер нысаны); өсіп тұрған ағаштардың тұқымдық және сандық құрамын, олардың жай-күйін көрсете отырып, объектінің аумағында өсіп тұрған жасыл екпелерін түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;
өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары; көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат;
өтемдік көгалдандыру жүргізуге ұйыммен (мамандандырылған) жасалған шарт.
2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсету кезінде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы (мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы) (мәліметтер нысаны);
өсіп тұрған ағаштардың тұқымдық және сандық құрамын, олардың күйін көрсете отырып, құрылыс (реконструкциялау) аумағында өсіп тұрған жасыл екпелерін түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;
өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары; көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат;
өтемдік көгалдандыру жүргізуге ұйыммен (мамандандырылған) жасалған шарт.
3) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттігі кезінде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; жер учаскесіне құқығын беретін құжаттың электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасында тіркелмеген жағдайда);
өсіп тұрған ағаштардың тұқымдық және сандық құрамын, олардың күйін көрсете отырып, объектінің аумағында өсіп тұрған жасыл екпелерін түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары; өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары; көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат;
өтемдік көгалдандыру жүргізуге ұйыммен (мамандандырылған) жасалған шарт.
4) ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары; көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтері, лицензия туралы, лицензиялық алым туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзы арқылы беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

11

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде электронды нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің: www.kds.miid.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

Жүктеу

     

 

"Ағаштарды кесуге рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 2-қосымша

 

Жергілікті атқарушы органның
уәкілетті органына
(мемлекеттік органның толық
атауы)
____________________________
(жеке тұлғаның толық тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда),
жеке сәйкестендіру нөмірі/заңды
тұлғаның толық атауы,
мекенжайы, бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)

 

Байланыс
мәліметтері_________________
(пошталық индексі, облысы,
қаласы, ауданы, елді мекені,
көше атауы, үй/ғимарат нөмірі,
байланыс телефондарының
нөмірі)
Нысан

      Өтініш нөмірі:

ӨТІНІШ

      (Объектінің толық атауы) объекті бойынша (объектінің толық мекен жайы) ағаштарды кесу үшін рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Өтініш беруші ағаштарды (ағашты) кесуге рұқсат беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Келесі құжаттар ұсынылады:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      (заңды тұлғаға лауазымы)                  жіберілген күні: кк.аа.жж.

      (электрондық цифрлық қолтаңба)

 

"Ағаштарды кесуге рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 3-қосымша

 

Нысан

 

Нөмірі: ___________
Берілген күні: 20___ж. ________

Ағаштарды кесуге РҰҚСАТ

      Берілді: Ұйымның атауы (заңды тұлғаның толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі).

      Объекті бойынша: объектінің атауы көрсетіледі.

      Орналасқан жері: объектінің мекенжайы.

      Ағаштарды (ағашты) кесу: (себебі көрсетіледі).

      (Жергілікті атқарушы органның уәкілетті органының атауы), ағаштарды (ағашты) (тұқымы, сандық және сапалық сипаттамалары) ағаштардың (ағаштың) нақты күйі көрсетіледі, кесуге келіседі.

      Рұқсаттың қолданылу кезеңі: (мерзімін жергілікті атқарушы органның уәкілетті органы жұмыс түрлерін ескере отырып, белгілейді).

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушыға төмендегідей талаптарды орындау ұсынылады:

      Жерасты және жерүсті коммуникацияларды сақтаудың нормалары мен ережелерін сақтай отырып, (мерзімі көрсетіледі) дейін (түрлік құрамы, сандық және сапалық сипаттамалары көрсетіледі) көшеттерді отырғызу арқылы ағаштардың (ағаштың) өтемдік қалпына келтіру іс-шараларын жүргізу қажет.

      Іргелес аумақтардағы жасыл екпелерді қорғау, күтіп-ұстау және сақтау бойынша толық іс-шаралар кешенін жүргізу.

      Ескертпе: Тапсырыс берушіге рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, жазбаша түрде атқарылған жұмыс туралы ақпаратты ұсыну қажет.

      Басшы (уәкiлеттi тұлға)________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      (электрондық-цифрлық қолтаңба)

 

"Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік кызмет көрсету қағидалары
Дата публикации
17 октября 2023