Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімін сайлау бойынша сайлау округін және шекараларын құру, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы
ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13 баптың 4 тармағына, 14 баптың 6 тармағына, 21 баптың 4 тармағына, 22 бабына, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 61/132 «Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округін құру туралы» қаулысына сәйкес, Жақсы ауданының әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округін құру туралы, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.
Жақсы ауданының әкімін сайлау бойынша
аумақтық сайлау округінің шекарасы
Жақсы ауданының әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округі – Ақмола облысы Жақсы ауданының шекарасында құрылды.
Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Жақсы а., Дружба көшесі, 14, тел. 8(71638) 2-14-04
Комиссия төрағасы Тлепова Рената Рахимбековна, төрағаның орынбасары – Фидченко Вячеслав Геннадьевич, хатшы – Төлеубай Манас Сапиуллаұлы, комиссия мүшелері – Арыспаева Алтын Маратовна, Касенова Галия Халимоллаевна, Копылова Татьяна Борисовна, Нуржанова Алия Арыстановна.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы