2023 ж.28.08. Запорожье ауылдық округінің әкіміне
кандидаттарды ұсыну туралы хабарлама
Жақсы аумақтық сайлау комиссиясына «AMANAT» партиясынан Запорожье ауылдық округінің әкімдігіне бір кандидат ұсынылған құжаттар келіп түсті. Сонымен қатар, өзін-өзі ұсыну жолымен екі кандидат ұсынылды.
Аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттардың сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына, Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.