2023 жылдың 24 қыркүйекке тағайындалған
Жақсы аумақтық комиссиясының Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округі әкіміне үміткерлерді тіркеу нәтижелері туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес алынған құжаттарды қарап, Жақсы аумақтық сайлау комиссиясы Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округі әкіміне кандидаттар ретінде тіркелу туралы шешім қабылдады:
- Думан Мағұзұлы Хаусылов- «AMANAT» партиясынын ұсынды, Жақсы ауданы Жақсы ауылының тұрғыны, «Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржылық-шаруашылық қызмет ету бөлімінің басшысы;
- Жазира Кенжебекқызы Кижибаева- өзін-өзі ұсынды, Жақсы ауданы Моховое ауылының тұрғыны, «Жақсы ауданы Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы;
- Малика Жәнібекқызы Мұқанова- өзін-өзі ұсынды, Жақсы ауданы Жақсы ауылының тұрғыны, «Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маман-бухгалтері.