2023 жылдың 24 қыркүйекке тағайындалған
Жақсы аумақтық комиссиясының Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округі әкіміне үміткерлерді тіркеу туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес алынған құжаттарды қарап, 2023 жылғы 1 қыркүйекте Жақсы аумақтық сайлау комиссиясы Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округі әкіміне кандидаттар ретінде тіркелу туралы шешім қабылдады:
- Жазира Кенжебекқызы Кижибаева- өзін-өзі ұсынды, Жақсы ауданы Моховое ауылының тұрғыны, «Жақсы ауданы Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы;
- Малика Жәнібекқызы Мұқанова- өзін-өзі ұсынды, Жақсы ауданы Жақсы ауылының тұрғыны, «Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маман-бухгалтері.