Мерзімінен бұрын әкімдік өкілеттіктерін аяқтаған Запорожье ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы 2023 жылдың 16 тамыздағы № 58/123 Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Мерзімінен бұрын әкімдік өкілеттіктерін аяқтаған

Запорожье ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

2023 жылдың 16 тамыздағы № 58/123

Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  

ҚАУЛЫСЫ

 

     Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14, 113-1 бабтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мерзімінен бұрын әкімдік өкілеттіктерін аяқтаған Запорожье ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылдың 24 қыркүйегіне тағайындалсын.
  2. Осы қаулыда көрсетілген қосымшаға сәйкес 2023 жылдың 24 қыркүйегіне тағайындалған Запорожье ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу туралы негізгі іс–шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. «Жақсы жаршысы» аудандық газеті мен Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет парақшасында осы қаулы жариялансын.

 

 

Сайлау комиссиясының  

төрайымы                                                                                                  Р.Тлепова

 

Сайлау комиссиясының  

хатшысы                                                                                                 М.Төлеубай

 

2023 жылдың 16 тамыздағы № 58/123 Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының   ҚАУЛЫСЫ
Дата публикации
16 августа 2023