ҚР Үкіметінің 2020.30.07. № 491 Қаулысымен қағидамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2022.02.02. № 43 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну
қағидалары
(2023.09.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2023.31.01. № 64 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 17 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын, пайдасына талап ету құқығы берілетін заңды тұлға;
1-1) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);
2) банк-төлем агенті – қаржы агенттігімен келісілген және жобалар бойынша субсидияларды аударуға мен есептен шығаруға арналған МҚҰ-ның арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын МҚҰ-ның уәкілетті банкі;
3) бөлiнген активтер – жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмілелерінде арнайы қаржы компаниясына берілген талап ету құқықтары, оған берілген талап ету құқықтары бойынша алынған кастодиан банктегі шоттардағы ақша, көрсетілген ақшаны инвестициялау нәтижесінде арнайы қаржы компаниясы сатып алған қаржы құралдары, қаржы құралдарын сату нәтижесінде алынған ақша, сондай-ақ қосымша қамтамасыз етуді жасау кезінде туындайтын мүлік пен мүліктік құқықтар;
4) ислам банкі – «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-тарауында көзделген банк қызметін лицензия негізінде, осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;
5) ислам банкі беретін қаржыландыру (бұдан әрі – қаржыландыру) – ислам банкі кәсіпкерге беретін тауар үшін төлемнің мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу;
6) кәсіпкер – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалатын шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісі, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі;
7) кредит шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді (кредиттік желі ашу туралы келісім де кредиттік шартқа жатады);
8) кредитті/микрокредитті нысаналы пайдалану – кәсіпкердің қарыз шарты бойынша алынған кредитті/микрокредитті осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін мақсаттарға пайдалануы (мақсатқа сай пайдалану кәсіпкердің төлем жүргізгенін және активті/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді толық көлемде алғанын және (немесе) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес басқа мақсаттарға қол жеткізгенін растайтын тиісті құжаттар жиынтығымен расталады);
9) қаржы агенттігі – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;
10) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – өз қызметін қаржы агенттігінің жарғысымен, қаржы агенттігінің кредиттік саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген өкілеттіктері шеңберінде жүзеге асыратын, тұрақты түрде жұмыс істейтін алқалы орган;
11) қаржыландыру шарты – ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша ислам банкі кәсіпкерге – тауарды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит береді (қаржыландыру шартына бас қаржыландыру келісімі де жатады, оның шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жеке шарттар жасасады);
12) микрокредит – микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйым шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісіне Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ұсынатын, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген сегіз мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын ақша;
13) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – МҚҰ) – микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы;
14) өңірлік үйлестіруші – жергілікті атқарушы органның облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;
15) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісім – ЕДБ/МҚҰ және қаржы агенттігі арасында жасалатын, сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді іске асыру шеңберінде тараптардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жазбаша келісім;
16) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау – ЕДБ/МҚҰ үшін қаржы агенттігі белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге субсидиялар беру нысаны.
Секьюритилендіру тетігі арқылы кәсіпкерлерді қаржыландыруға бағытталған ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері де субсидиялауға жатады. Мұндай жағдайда кәсіпкерлердің осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде субсидиялау құралы бойынша қолдау тапқан кредиттерін/микрокредиттерін әкімшілендіру (сүйемелдеу) функциясын осындай кредиттерді/микрокредиттерді арнайы қаржы компаниясына берген ЕДБ/МҚҰ жүзеге асырады.
Секьюритилендіру тетігі кәсіпкерлерді: арнайы қаржы компаниясының ЕДБ/МҚҰ бөлінген активтерімен қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруы; қаржы агенттігінің арнайы қаржы компаниясы шығарған, бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды сатып алуы (секьюритилендіру мәмілесі); арнайы қаржы компаниясының ЕДБ/МҚҰ-ға қаржы агенттігінен тартылған қаражатты беруі арқылы мемлекеттік қаржылай қолдау нысанын көздейді;
17) портфельдік ішінара кепілдік беру – ЕДБ/МҚҰ үшін қаржы агенттігі белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге кепілдік беру нысаны;
18) секьюритилендіру – бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару арқылы ақшалай талап етуді беруге орай қаржыландыру;
19) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;
Ұлттық жоба шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2023.17.02. № 139 Қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 23 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Қаржы агенттігі ұлттық жоба тиімділігінің жалпы кешенді жылдық талдамалық есебін қалыптастыру мақсатында есепті жылдан кейінгі жылғы шілдеден кешіктірмей ұлттық жобаның/тетіктің іске асырылуын кредиттер/микрокредиттер бойынша субсидиялау және кепілдік беру бөлігінде мониторингтеудің нәтижелерін уәкілетті органға жібереді.
2-тарау. Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну тәртібі
1-параграф. «Микро- және шағын кәсіпкерлікті қолдау» бағыты бойынша субсидиялар және кепілдіктер беру шарттары
ҚР Үкіметінің 2023.31.01. № 64 Қаулысымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 17 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын кәсіпкерлердің жобалар;
2) ұлттық даму институттары кредитор болып табылатын кредиттер/микрокредиттер;
3) сыйақы мөлшерлемесі осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде арзандатылған ЕДБ/МҚҰ кредиттерді/микрокредиттерді/қаржыландыруын қоспағанда, олар бойынша сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған кредиттер/микрокредиттер;
4) ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпорындардың үлестерін, акцияларын мүліктік кешен ретінде сатып алуға бағытталған кредиттер/микрокредиттер;
5) овердрафт түріндегі кредиттер «Микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау» бағыты шеңберінде субсидиялауға және кепілдік беруге жатпайды.
ҚР Үкіметінің 2023.31.01. № 64 Қаулысымен (2023 ж. 17 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.17.02. № 139 Қаулысымен (2023 ж. 23 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда
Жобаларды елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асыратын шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру ломбардтардың, микроқаржы ұйымдарының, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.
Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын инвестициялық мақсаттарға арналған кредиттің/микрокредиттің/ қаржыландырудың ең жоғары сомасы 20 (жиырма) млн теңгеден және айналым қаражатын толықтыруға 5 (бес) млн теңгеден аспайды. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттерге/микрокредиттерге/қаржыландыруға жаңартылатын және/немесе жаңартылмайтын негізде кредит желісі түрінде жол беріледі. Бір қарыз алушыға арналған лимит 20 (жиырма) млн теңгені құрайды. Кредитті/микрокредитті/қаржыландыруды өтеген кезде Қағидаларда белгіленген лимит шегінде оны қайта алуға жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2023.31.01. № 64 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (2023 ж. 17 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2023.17.02. № 139 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 23 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2023.15.03. № 215 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (2023 ж. 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Елді мекендерде, оның ішінде моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде жобаларды іске асыратын шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 16,75 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін субсидиялау және кепілдік беру ломбардтардың, микроқаржы, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, салалық шектеулерсіз және номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 16,75 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең өзгеруіне азаяды.
Жезқазған және Қонаев қалаларында іске асырылатын жобалар үшін 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі өтінімдер бойынша елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде жобаларды іске асыратын кәсіпкерлердің кредиттері/қаржыландыруы бойынша сыйақы мөлшерлемесіне кепілдік беру және субсидиялау шарттары қолданылады.
Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 28 %-дан аспайтын, оның ішінде номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 50 %-ын мемлекет субсидиялайтын МҚҰ микрокредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады.
Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономиканың басым секторларындағы жобалар бойынша МҚҰ микрокредиттері бойынша жүзеге асырылады.
Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысында көзделген тәртіппен оқытудан өткен «Бастау Бизнес» жобасы түлектерінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 20 %-дан аспайтын, оның 6 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын микрокредиттері бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін портфельдік ішінара кепілдік мөлшері кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының 85 %-ын қоса алғанға дейінгі соманы құрайды, кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың қалған сомасын ЕДБ/МҚҰ қалауы бойынша кәсіпкер өтейді.
Бұл ретте қаржы агенттігі бұрын жасалған шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.
2-параграф. Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды беру шеңберінде ЕДБ/МҚҰ лимитін айқындау тәртібі
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пруденциялық және өзге де нормативтерін орындауы;
2) қаржы агенттігінің ішкі құжаттарына сәйкестік талаптарына сай болуы тиіс.
1) МҚҰ меншікті капиталы құжаттар тапсырылған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ең төменгі деңгейден төмен болмауы;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеудің болуы;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пруденциялық және өзге де нормативтерін орындауы;
4) қаржы агенттігінің ішкі құжаттарына сәйкестік талаптарына сәйкес болуы тиіс.
1) ЕДБ/МҚҰ лимиттерін игеру мерзімдері;
2) портфельдік ішінара кепілдікті төлеу тәртібі;
3) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды төлеу тәртібі;
4) жобаларды іске асыру мониторингін жүзеге асыру;
5) субсидиялау тоқтатылған (қаражатты мақсатқа сәйкес пайдаланбау) жобалар арасында босаған лимиттерді қайта бөлу шарттары көрсетіледі.
Кәсіпкердің кредиті/микрокредиті/қаржыландыруы бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына қосымша келісімнің көшірмесін не ЕДБ/МҚҰ-ның электрондық форматта (XLS немесе XLSX) төлемдерді өтеудің өзгертілген графигі бар және төлеуге тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып хат жібереді.
Кәсіпкер күнтізбелік ай ішінде кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша негізгі борышты бірнеше рет мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне осындай жағдайлар бойынша біріктірілген кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына қосымша келісімнің көшірмесін не ЕДБ/МҚҰ-ның электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) төлемдерді өтеудің өзгертілген графигімен және төлеуге тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып хатын ұсынуға жол беріледі.
3-параграф. Портфельдік ішінара кепілдік беру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2023.31.01. № 64 Қаулысымен 24-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 17 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының көшірмесін және кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне деректерді;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама хатты береді.
Бұл ретте деректер қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне жіберілген жағдайда хабарлама хат талап етілмейді.
Кепілдік міндеттеме қағаз жеткізгіште/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте кепілдік міндеттеменің электрондық нысанына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады. Өтінім автоматтандырылған сервис арқылы қаралған жағдайда кепілдік міндеттемені қаржы агенттігі сервис арқылы жібереді.
ҚР Үкіметінің 2023.31.01. № 64 Қаулысымен 31-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 17 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) кәсіпкер бастама жасаған кредиттеу/қаржыландыру шарттарының өзгеруіне байланысты;
2) кәсіпкердің кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатындарды қоспағанда, кредитке/микрокредитке/қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.
Бюджетті кезекті нақтылау кезінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның/облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімдігінің қаражатты кейіннен өтеуі үшін қаржы агенттігі ай сайын, 10-күнге дейінгі мерзімде өтелетін соманы көрсете отырып, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органды/облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімдігін жасалған кепілдік шарттары туралы хабардар етеді.
Ағымдағы қаржы жылында республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінген кезде бірінші кезекте бұрын жасалған кепілдік шарттары бойынша өтеу жүзеге асырылады, ал қалған сома жаңа жобаларға бөлінеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес бұрын жасалған кепілдік шарттарын өтеуге бөлінген қаражат жеткіліксіз болған жағдайда қаржы агенттігі республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден берілген қаражат толық өтелгенге дейін жобаларға кепілдік беруді тоқтата тұрады.
4-параграф. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау тәртібі
1) кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының көшірмесін немесе кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне деректерді береді;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама хат жібереді (деректер қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне жіберілген жағдайда хабарлама хат талап етілмейді).
ҚР Үкіметінің 2023.31.01. № 64 Қаулысымен 38-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 17 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) субсидиялау тоқтатылады, кәсіпкер қаржы агенттігіне төленген субсидиялар сомасын өтейді;
2) кәсіпкерді қаржыландыру шарттары қайта қаралады, оған сәйкес номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайды.
Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ МҚҰ қаржы агенттігімен келісу бойынша банк-төлем агентін айқындайды, онда МҚҰ субсидияларды аударуға арналған ағымдағы шот ашады.
Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі алдыңғы кезеңдер үшін субсидиялардың өтелуін ескере отырып, ЕДБ/МҚҰ ұсынған кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының төлем графигін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) банктегі/банк-төлем агентіндегі ағымдағы шотқа аударуды жүзеге асырады.
Бұл ретте ЕДБ/МҚҰ осы Қағидалардың нормаларын ескере отырып алуға тиесілі субсидия сомасын өзі есептейді, көрсетілген есептемелерді тексеруді қаржы агенттігі жүзеге асырмайды.
Субсидиялау үшін көзделген қаражат аударылғаннан кейін қаржы агенттігі қаражаттың аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін электрондық поштамен жіберу арқылы ЕДБ/МҚҰ-ға бір мезгілде хабарлайды. Хабарламада ЕДБ/МҚҰ атауы, өңірі, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлемнің қай кез үшін жүзеге асырылғаны көрсетіледі.
халықаралық рейтингтік агенттіктердегі кредиттік рейтинг Standard&Poors рейтингтер шкаласы бойынша «В» деңгейінен төмендеген;
К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген;
қатарынан 2 (екі) ай бойы пруденциялық нормативтер бұзылған кезде қаржы агенттігі кәсіпкерлердің кредит бойынша толық төлемді (негізгі борыш, сыйақының субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлігі) жасау фактісі туралы ЕДБ/МҚҰ-ның хабарламасы негізінде не кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына төлем графиктерін негізге ала отырып, қысқа мерзімді кезеңге сыйақының субсидияланатын бөлігі бойынша кәсіпкердің алдағы міндеттемелерін жабатын төлемдермен жүзеге асырады.
ЕДБ/банк-төлем агентінің жоғарыда көрсетілген көрсеткіштері түзетілген жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына төлем графиктерін ескере отырып, аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.
Кәсіпкердің кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша төлемді (негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі) толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша ЕДБ/МҚҰ кәсіпкердің кредиті/микрокредиті/қаржыландыруы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.
1) субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті/микрокредитті/ қаржыландыруды мақсатқа сәйкес/ішінара мақсатқа сәйкес пайдаланбау, бұл ретте субсидиялау кредитті/микрокредитті/қаржыландыруды мақсатқа сәйкес пайдаланбау сомасына барабар тоқтатылады;
2) жобаның және/немесе кәсіпкердің осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеуі;
3) кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салыну (талап қою талаптарын толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұру фактілері анықталған кезде 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтату туралы мәселені қарау үшін қаржы агенттігіне хабарлама жібереді.
ҚР Үкіметінің 2023.31.01. № 64 Қаулысымен 53-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 17 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) кәсіпкер бастама жасайтын кредит беру/қаржыландыру шарттарының өзгеруіне байланысты;
2) кәсіпкердің кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша міндеттемелерін бұзу себебінен алынатындарды қоспағанда, кредитке/ микрокредитке/қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
5-параграф. Қаржыландыру тетігі
Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны субсидиялау және ішінара кепілдік беру шеңберінде және өңірлік үйлестірушілер/қаржы агенттігі ағымдағы қаржы жылы пайдаланбаған, бөлінген қаражат кезекті қаржы жылы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны субсидиялауға және жобаларға, оның ішінде кезекті қаржы жылы мақұлданған жобаларға ішінара кепілдік беруге пайдаланылуы мүмкін.
Жобаларға ішінара кепілдік беру үшін бюджет қаражатының жетіспеуі пайда болған жағдайда облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімдігі қосымша қаражат алғанға дейін жобаларға портфельдік ішінара кепілдік беруді тоқтата тұру үшін бұл туралы қаржы агенттігін хабардар етеді.
3-тарау. Жобаларды іске асыру мониторингі
ҚР Үкіметінің 2023.31.01. № 64 Қаулысымен 58-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 17 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
58-1. Банк/МҚҰ жобаның осы Қағидалардың және ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін /үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімнің шарттарына сәйкестігіне мониторингті, атап айтқанда:
кредиттік шарт/қаржыландыру шарты/микрокредит жасалған кезден бастап 1 (бір) жылдан кешіктірілмейтін мерзімде кредитті/қаржыландыру шартын/микрокредитті мақсатқа сай пайдалану мониторингін;
төлем тәртібінің мониторингін (тұрақты негізде);
кредиттік шарт/қаржыландыру шарты/микрокредит жасалған кезден бастап 1 (бір) жылдан кешіктірілмейтін мерзімде жобаның және (немесе) кәсіпкердің ұлттық жобаның, Қағидалар мен сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімнің талаптарына сәйкестігінің мониторингін жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2023.31.01. № 64 Қаулысымен 59-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 17 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) кәсіпкер инвестициялық жобалар (инвестициялық транш бойынша аралас кредиттік желілер) бойынша кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде (немесе кепілдік шартында белгіленген өзге де мерзімде) орындамаған;
2) қаржы агенттігіне хабарлама жіберілген жағдайда осы Қағидалардың 52-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес ЕДБ/МҚҰ бойынша кредиттік қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылмағаны анықталған жағдайларда мониторинг жүргізеді.
Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру жобалары бойынша қаржы агенттігі іріктеп мониторинг жүргізеді.
4-тарау. Өтпелі ережелер
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту
жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын,
оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің
кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік
субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну
1-қосымша
Экономиканың басым секторларының тізбесі
|
ЭҚЖЖ коды |
Атауы |
|
1 |
2 |
|
Агроөнеркәсіптік кешен |
|
|
01 |
01.11 «Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді» қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету |
|
03 |
Балық аулау және балық өсіру |
|
10 |
Тамақ өнімдерін өндіру |
|
11.06 |
Уыт өндіру |
|
11.07 |
Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру |
|
Тау-кен өндіру өнеркәсібі |
|
|
08.12.1 |
Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу |
|
09 |
Кен өндіру өнеркәсібінде кызметтер көрсету |
|
Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі |
|
|
13 |
Тоқыма бұйымдарын өндіру |
|
14 |
Киім өндіру |
|
15 |
Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру |
|
16 |
Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру |
|
17 |
Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру |
|
18 |
Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту |
|
20 |
Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру |
|
21 |
Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру |
|
22 |
Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру |
|
31 |
Жиһаз өндіру |
|
Құрылыс материалдары және өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі |
|
|
23 |
Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру |
|
Металлургия, металл өңдеу, машина жасау |
|
|
24 |
Металлургия өндірісі |
|
25 |
Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру |
|
26 |
Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру |
|
27 |
Электр жабдықтарын өндіру |
|
28 |
Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру |
|
29 |
Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру |
|
30 |
Басқа көлік құралдарын өндіру |
|
33 |
Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату |
|
Өнеркәсіптің басқа да секторлары |
|
|
32 |
Өзге де дайын бұйымдар өндіру |
|
35.11.4 |
Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі |
|
35.11.5 |
Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі |
|
35.11.9 |
Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі |
|
35.11.2 |
Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі |
|
38 |
Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) |
|
39 |
Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер |
|
Көлік және қоймалау |
|
|
45.2 |
Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу |
|
49.3 |
Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі |
|
49.41 |
Жүк автомобиль көлігінің қызметі |
|
50 |
Су көлігінің қызметі |
|
52 |
Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі |
|
53 |
Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьерлік қызмет |
|
Туризм |
|
|
55.10 |
Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі |
|
55.20 |
Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру |
|
55.30 |
Кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтардың және тұруға арналған автотіркемелердің қызмет көрсетуі |
|
Ақпарат және байланыс |
|
|
58 |
Баспа қызметі |
|
59.14 |
Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет |
|
61 |
Телекоммуникациялар |
|
62 |
Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер |
|
Меншік немесе жалға алынған мүлікті басқару немесе жалға беру |
|
|
68.20.1 |
Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау |
|
68.20.2 |
Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау (қосалқы жалдау) |
|
Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет |
|
|
69.2 |
Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру |
|
71 |
Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет |
|
72 |
Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер |
|
74 |
Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет |
|
75 |
Ветеринариялық қызмет |
|
Жалдау, жалға беру және лизинг |
|
|
77.11 |
Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизинг* |
|
Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет |
|
|
81 |
Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет |
|
Білім беру |
|
|
85 |
Білім беру |
|
Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер |
|
|
86 |
Денсаулық сақтау саласындағы қызмет |
|
87 |
Тұратын жерді қамтамасыз етіп әлеуметтік қызметтер көрсету |
|
88 |
Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету |
|
Өнер, ойын-сауық және демалыс |
|
|
91 |
Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызметтер |
|
93 |
Спорт, ойын-сауықты ұйымдастыру (дискотекалар мен караокені қоспағанда) саласындағы қызмет |
|
Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну |
|
|
95 |
Компьютерлерді, жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу |
|
96.01 |
Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау |
*Осы ЭҚЖЖ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға алуды және лизингті көздейді
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті
дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын,
оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері
бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік
субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну
2-қосымша
Нысан
«Даму» кәсіпкерлікті
дамыту қоры» АҚ-ға
Хабарлама-хат
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – қор) мен _______________ АҚ (екінші деңгейдегі банктің атауы көрсетіледі) (бұдан әрі – банк) арасында сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы қол қойылған _______________ № _____ келісім шеңберінде Банк «_______________» жеке кәсіпкерінің/жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің/акционерлік қоғамының/шаруа қожалығының (ЖК/ЖШС/АҚ/ШҚ) (оның ішінде кредит бойынша қоса қарыз алушылар көрсетіледі) өтінімін қарап, төмендегі шарттарда* мақұлдағанын хабарлаймыз:
|
Банктің қарыз шарты/Қаржыландыру шарты** |
|
|
Қарыз алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) |
|
|
Қарыз алушының заңды және нақты (бар болса) мекенжайы |
|
|
Тіркелген күні (ЖК/ЖШС/АҚ/ШҚ) |
|
|
Банктің атауы |
|
|
Қарыз алушы шотының нөмірі |
|
|
Бенефициар коды (КБЕ) |
|
|
Банкке өтініш берілген күн |
|
|
Банктің уәкілетті органы шешім қабылдаған күн |
|
|
Қорландыру бағдарламасы |
|
|
Кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың нысаналы мақсаты |
|
|
Осы шарт жасалған күнгі кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасы |
|
|
Кредит/микрокредит/қаржыландыру валютасы |
|
|
Кредит/микрокредит/қаржыландыру мерзімі (аяқталу күнін көрсете отырып, айлармен) |
|
|
Кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың сыйақы мөлшерлемесі |
|
|
Қаржыландыру саласы |
|
|
Кепілдік мөлшері (кредит сомасының %-ын көрсете отырып) |
|
|
Кепілдік мерзімі (басталу және аяқталу күнін көрсете отырып) |
|
|
Кредит бойынша кепілдікті қамтамасыз ету (қордың кепілдігінен басқа) – атауы, мекенжайы, нарықтық және кепілдік құны |
|
|
Жоба іске асырылатын жер (қаланы/ауданды міндетті түрде көрсете отырып, облыс) |
* шарттарды кесте нысанында қосуға жол беріледі
** көшірмесі қоса беріледі
Құрметпен,
___________ ____________ ____________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
ҚР Үкіметінің 2023.31.01. № 64 Қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (2023 ж. 17 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту
жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын, оның ішінде
микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша
сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік
субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Кепілгердің атауы:
«Даму» кәсіпкерлікті
дамыту қоры» АҚ
Мекенжайы: __________________
Кімге: ________________________
(банктің/МҚҰ толық атауы
және деректемелері)
№ _______ кепілдік міндеттемесі
|
_____________ қаласы |
20____ жылғы «____»__________ |
Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) шарттарын, сондай-ақ _______ «_______________» (бұдан әрі – қарыз алушы) _______________ АҚ-мен (бұдан әрі – Банк/МҚҰ) мынадай:
1) кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасы ____________________;
2) кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі/ислам банкінің кірісін құрайтын тауарға үстеме баға _____________________________________;
3) кредит/микрокредит/қаржыландыру мерзімі ____________ (айлармен);
4) кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың нысаналы мақсаты _____, негізгі шарттармен 20___ жылғы «___»_________ №______ (шарттың толық атауы және оның деректемелері көрсетіледі) кредит шартын/қаржыландыру шартын (бұдан әрі – кредит шарты/қаржыландыру шарты) жасасқанын назарға ала отырып,
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жоғарыда көрсетілген кредит шарты/қаржыландыру шарты бойынша кепілгер болып табылатынын растайды және қарыз алушының кредит шарты/қаржыландыру шарты бойынша міндеттемелерін орындамауынан және (немесе) тиісінше орындамауынан туындаған Банктің/МҚҰ-ның есептелген сыйақысын/үстеме баға сомасын, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын, өсімпұлдарды, айыппұл санкцияларын, борышты өндіріп алу бойынша сот шығасыларын, басқа да шығындарын ескермей, негізгі борыш қалдығына тең соманы Банкке/МҚҰ-ға оның талабы бойынша төлеу міндеттемесін өзіне алады.
Кепілдік қарыз алушы кредит шарты/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борыш сомасын қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жағдайда ғана орындалуға жатады.
Кепілгердің Банк/МҚҰ алдындағы жауапкершілігі _______________ (___________________________) теңге _______ тиын (соманы дөңгелектеу математикалық дөңгелектеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады) мөлшеріндегі кепілдік сомасымен шектеледі, бұл кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының _____ %-ын құрайды.
Кредит шарты/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борышты өтеу/ішінара өтеу кезінде кепілгердің жауапкершілігі негізгі борышты өтеу сомасына тең сомаға азайтылады.
Кепілдік бойынша кепілгер міндеттемелерінің мөлшері кепілгер орындаған талап сомасына азайтылады.
Кепілдік қарыз алушының кредит шарты/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борышты өтеу міндеттемесін және кепілдік беруші мен Банк/МҚҰ арасында жасалған 20 __ жылғы «___» __________ № _____ портфельдік субсидиялау және кепілдік беру туралы келісімде (бұдан әрі – келісім) көзделген өзге де құжаттарды орындамағанын/тиісінше орындамағанын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын қоса бере отырып, Банктің/МҚҰ-ның жазбаша төлем талабының түпнұсқасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Кепілдік Келісімде көзделген барлық талаптар мен шарттар сақталған кезде ғана орындалуға тиіс.
Осы кепілдік міндеттеме оған қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және 20 __ жылғы «___» __________ қоса алғанда қолданыста болады, бұл құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмайтынына қарамастан, толық және автоматты түрде аяқталады. Бұл ретте Сіздің жазбаша талабыңызды біз жоғарыда көрсетілген күні Астана қаласының уақытымен сағат 16:00-ден кешіктірмей алуымыз тиіс.
Кепілгер, Банк/МҚҰ және қарыз алушы (бұдан әрі – тараптар) арасында туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер, оның ішінде кепілдікті ұсыну және орындау тәртібі, кредит шарты/қаржыландыру шарты бойынша талап ету құқықтарының Банктен/МҚҰ-дан кепілгерге өту тәртібі, кепілдікті тоқтату негіздері және осы кепілдік міндеттемеге байланысты тараптардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қағидалармен, келісіммен реттеледі, бірақ онымен шектелмейді.
_______________________________
(бірінші басшының қолы)