Интернационалист-жауынгер Талғат Баймағанбетовті еске алуға арналған волейболдан аудандық турнир

2019 жылғы 22 қарашада "Запорожье" ЖШС базасында интернационалист-жауынгер Талғат Баймағанбетовті еске алуға арналған дәстүрлі аудандық турнир өтті. Турнирге Запорожье ауылы, Қызылсай ауылдық округі, Жақсы ауылы, Жаңақийма ауылдық округі және Атбасар ауданының Садовое ауылының командалары қатысты. "Бағалы ойыншы" номинациясында Кенбеилова Макпал, "Жеңіске деген жігері үшін" номинациясында Ольшевская Надежда және "Үздік шабуылшы" номинациясында Гафарова Эллия жеңімпаз атанды. Жалпыкомандалық бірінші орынды Жақсы ауылының командасы, күмісті Қима ауылының командасы және қоланы Запорожье ауылының командасы алды.

Дата публикации
25 декабря 2020