Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында футзалдан дәстүрлі турнир өткізілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Жақсы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі футзал бойынша дәстүрлі турнир өткізді. Жарыс қорытындысы бойынша Жақсы ауылының командасы алтын, Запорожье ауылының командасы күміс және Киев ауылының командасы қола жүлдегер атанды. "Үздік қорғаушы" номинациясында Мажатов Мырзабек (Ишимка ауылы), "Үздік қақпашы" номинациясында Еспанов Ерлан (Кийма ауылы) және "Турнирдің бағалы ойыншысы" номинациясында Гарифуллин Раис (Жақсы ауылы) жеңіске жетті.

Дата публикации
25 декабря 2020