Жұмыс берушілердің назарына!

  2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге - 28 284 теңгеден 42 500 теңгеге дейін арттыруды тапсырды.

     Мемлекет басшысы Жолдауында қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайды жақсартуға, шағын және орта бизнесті одан әрі дамытуға, халықтың өмірі үшін қолайлы және қауіпсіз орта құруға бағытталғанын атап өтті.

      Сонымен қатар, Президент осы бастаманы жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын арттыру бөлігінде ірі компаниялардың қолдауы туралы тілек айтты.

     Жұмыс берушілердің назарына Мемлекет басшысының жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын арттыру жөніндегі бастамасын қолдауды сұраймыз.

     Ағымдағы жылы жалақыны көтеруге ниет білдірген кәсіпорындар «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ келесі электрондық мекен-жайға хабарлауды сұраймыз: tlepova1965@mail.ru ескерту.

 
Дата публикации
25 декабря 2020