Жақсы ауданы бойынша еңбекақысы төмен санаттағы қызметкерлердің еңбекақысын көтеру мәселесі бойынша ақпарат

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде, сондай-ақ облыс әкімі М.К. Мырзалинның 2018 жылғы 26 қазандағы Жақсы ауданы бойынша еңбекақысы төмен санаттағы қызметкерлердің еңбекақысын көтеру мәселесі бойынша тапсырма берілді. Бүгінгі күні жалақыны көтеру туралы мәселе жеке меншік нысанындағы 84 шаруашылық субъектілерімен (ЖШС, ШҚ) пысықталды, бұл жеке меншік нысанындағы ауданның барлық кәсіпорындарының 70% құрайды, оның ішінде кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 551 қызметкердің жалақысын арттыруды жоспарлап отыр. Жақсы ауданы әкімінің Web-сайтында шаруашылық жетекшілері үшін ақпарат орналастырылған.Ең төменгі жалақыны арттыру туралы аудандық «Жақсы жаршысы» газетінде мақала орналастырылды.

Апта сайынғы негізде еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына және Ақмола облысының облыстық кәсіподақ Федерациясына Жақсы ауданы бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарда жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын арттыру бойынша жұмыстар туралы ақпарат жолданады.

Дата публикации
25 декабря 2020