«Жақсы ауданында әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын
бекіту туралы» аудандық
мәслихатының 2018 жылғы
13 желтоқсандағы № 6ВС-34-4
шешіміне өзгерістер енгізі
туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 6ВС-34-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6958 тіркелген, 2019 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетідің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қагидаларына:
8 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке тізбесі:
1) 15 ақпан- Ауғанстаннан әскерді шығару күні;
2) Жеңіс күні – 9 Мамыр;
3) Қарт адамдар күні –1 қазан;
4) Мүгедектер күні – қазанның екінші жексенбісі»
10 тармкағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«10. Әлеуметтік көмек:
Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар қатарындағы адамдарға;
2) 9 мамыр – Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа да санаттағы тұлғаларға;
3) Қарт адамдар күніне:
ең төмен зейнетақы алатын және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын егде жастағы тұлғаларға;
4) Мүгедектер күніне:
зейнеткерлік жасқа дейінгі 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге және мүгедек балаларға көрсетіледі»
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы аудандық мәслихатының Жақсы аудандық
сессия төрағасы мәслихатының хатшысы
____________ С.Абишева ____________Б. Жанәділов
«Келісілді»
Жақсы ауданының әкімі
___________ Б. Малғаждаров
2019 жылғы «__» ________