Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 6ВС-34-4 шешіміміен бекітілген Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына сәйкес 2019 жылға бір жолғы төлемдер қарастырылған:
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға сауықтыру үшін мемлекеттік сатып алуды өткізу жолымен сатып алынатын жолдамалар өтініш берілген күнге сәйкес кезектілік тәртібімен;
- аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, ауылдық жерлерде тұратын мүгедек студенттерге, колледждерде ақылы негізде күндізгі оқу нысанында оқитын студенттерге жылдық оқу құны мөлшерінде;
- ауылдық жерлерде тұратын аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан, жоғары медициналық оқу орындарында ақылы негізде оқитын студенттерге жылдық оқу құны мөлшерінде;
- денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған қатерлі ісік ауруымен ауыратындарға, туберкулезбен ауыратындарға негізінде 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде-37875 теңге;
- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) отбасы мүшелерінің біріне оқиға болған күннен кейін үш айдан кешіктірмей өтініш білдірген кезде 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, қызметте есепте тұрған адамдарға;
Күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар азаматтарға (отбасыларға) жылына бір рет 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде-37875теңге:
1) шұғыл емделуге (ота жасауға);
2) кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге;
-жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлердің қайтыс болғандарды жерлеуге 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде -37875теңге;
Коммуналдық қызметтер үшін шығындарға әлеуметтік көмек ауыл және ауылдық округтер әкімдері ұсынылған тізімдердің негізінде ай сайын:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 100 пайыз мөлшерінде;
2) қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, жалпы аурудың салдарынан мүгедек деп танылған Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушыларының әйелдеріне (күйеулеріне) 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде-5050 теңге.