Конкурсқа қатысу үшін шақыру

"Ақмола облысында жүзеге асырылатын үздік әлеуметтік жоба"

 

2019 жылы "Ақмола облысында жүзеге асырылатын үздік әлеуметтік жоба" байқауы басталады.

Конкурс "NurOtan" партиясының 2030 жылға дейінгі "әл-ауқат қоғамы" бағдарламасының мынадай мақсаттарын жүзеге асыру аясында өткізіледі: онжылдықтың 10 мақсаты»;

- әрбір қазақстандық отбасының амандығы;

- дені сау адамдардың күшті ұлт болуы;

- жауапты азаматтардың үйлесімді қоғамы.

Конкурстың мақсаты "Бақытты отбасы", "Ардагерлерді ардақтайық" және "Кедергісіз келешек" жобалары қамтылған тұлғаларға ұсынылатын қызметтерді қоса алғанда, әлеуметтендіруге, өзекті әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған үздік бастамашылық әлеуметтік жобаларды анықтау, іріктеу, көтермелеу және жылжыту болып табылады.

Әлеуметтік жобаларды іріктеу ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізіледі.

Осы іс-шараларға Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, өзге де мекемелер мен ведомстволар, жеке тұлғалар және халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған қызметті жүзеге асыратын басқа да үкіметтік емес ұйымдар және басқа да мүдделі тұлғалар қатыса алады.

Номинанттарды іріктеу келесі критерийлер бойынша жүргізіледі:

- жобаның әлеуметтік маңыздылығы;

- жобаның сенімді негіздемесі;

- жобаны іс жүзінде іске асырудан оң нәтижелердің болуы, қиын өмірлік жағдайға тап болған халықты әлеуметтік көмек пен жоба шеңберінде қолдаумен қамту;

- жобаны таныстыру сапас.

Толық ақпарат алу үшін "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-не №15, 21 кабинеттерге хабарласу қажет, телефоны 21-2-50, 79-0-58.

Конкурсын өткізу туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
25 декабря 2020