Қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығы басталды

Ауданда қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығы басталды.

Қарттар және мүгедектер күніне орай аудандық бюджет қаражаты есебінен ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге және барлық топтағы мүгедектерге жалпы сомасы 4995,0 мың теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.

Ағымдағы жылдың 1 қазанында Жақсы ауылында Мәдениет үйінің ғимаратында аудан әкімінің қатысуымен "Қарттары бардың-қазынасы бар" айлығының ашылуына арналған салтанатты іс-шара болып өтті, оған 200-ден астам адам қатысты. Шақырылған қарт азаматтар үшін концерт берілді, шай ішу ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, барлық ауылдық округтерде "Ашық есік күні"ұйымдастырылды. Ауыл және ауылдық округ әкімдері жергілікті жерлердегі проблемалық мәселелерді шешу мақсатында қарт адамдарды қабылдайды, сонымен қатар аудан бойынша қарт зейнеткерлер мен мүгедектерге құрмет көрсетіледі.

Дата публикации
25 декабря 2020