Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 6 ВС-36-2 «Жақсы ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жақсы аудандық мәслихатының

2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 6 ВС-36-2

«Жақсы ауданында тұратын,

аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)

тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін

және мөлшерін айқындау туралы»

шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 1.    Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 6ВС-36-2  «Жақсы  ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6985 тіркелген, 2019 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық  бақылау банкінде жарияланған) шешеміне келесі өзгерістер енгізілсін:                                                  

 көрсетілген  шешіммен бекітілген Жақсы ауданында тұратын  аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінің қосымшасындағы:

 9 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1) жекешелендірілген тұрғын жайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынүй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;».

     2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрайыма                                                       Сессия хатшысы

аудандық мәслихаттың                                             аудандық мәслихаттың

 ___________Е. Алешина                                            ________ Б. Жанәділов

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

 

Жақсы ауданының әкімдігі

Дата публикации
25 декабря 2020