2026 жылғы 31 тамызда сағат 11: 00-де Жақсы ауданы әкімі аппаратының үлкен залында Жақсы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

2026 жылғы 31 тамызда сағат 11: 00-де Жақсы ауданы әкімі аппаратының үлкен залында Жақсы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында «Кәмелетке толмаған балалар тәрбиеленетін тұрмысы нашар отбасыларға уақытылы анықтау, есепке қою және атаулы әлеуметтік, педагогикалық және құқықтық көмек көрсету жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл туралы» мәселе қаралды.

Мәселені қарау шеңберінде әлеуметтік қауіпті және өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды анықтау, оларды есепке алуды және ведомствоаралық сүйемелдеуді ұйымдастыру жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы ақпарат тыңдалды.

Профилактика субъектілерінің қолайсыз отбасыларды уақтылы анықтау, кәмелетке толмағандардың тұру және тәрбиелеу жағдайларын бағалау, отбасының жеке қажеттіліктерін айқындау және атаулы әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық және құқықтық көмек көрсету бөлігінде өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, қолайсыз отбасылармен профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша одан арғы шараларды айқындады.

 

2026 жылғы 31 тамызда сағат 11: 00-де Жақсы ауданы әкімі аппаратының үлкен залында Жақсы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Дата публикации
31 августа 2026