2026 жылғы 31 тамызда сағат 10: 00-де Жақсы ауданы әкімі аппаратының үлкен залында Жақсы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында «Суицидтің алдын алу жобасын іске асыру (тиімділікті талдау) және психологиялық көмек көрсету бойынша қабылданған шаралар туралы» мәселе қаралды.
Аталған мәселені қарау шеңберінде комиссия мүшелері кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, суицидтің алдын алу жобасы шеңберіндегі іс-шараларды іске асыру нәтижелері, сондай-ақ өмірде қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға уақтылы психологиялық көмек көрсету бойынша білім беру ұйымдары қабылдаған шаралар туралы ақпаратты тыңдады.
Профилактикалық жұмыстың тиімділігіне, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың, медицина қызметкерлерінің, ішкі істер органдары мен өзге де профилактика субъектілерінің өзара іс-қимылына, сондай-ақ қатер факторларын уақтылы анықтау және кәмелетке толмағандарды жеке алып жүруді ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мәселені қарау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері тиісті ұсынымдар әзірлеп, профилактикалық жұмысты жетілдіру және кәмелетке толмағандарға психологиялық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру бойынша одан арғы шараларды айқындады.
