ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

 

         Жақсы ауданы Жаңақима ауылдық округінің әкімін сайлау 2026 жылғы 19 шілдеде   бір сайлау округі бойынша өтті.

          Жақсы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жақсы ауданы Жаңақима ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

        

  

Жаңақима ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша

Жаңақима сайлау округі:

 

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1448 азамат енгізілді, олардың 1107 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 3, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған -36.

         Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Златухина А.А. – 139; Қаиржан А.С.– 698; Тихан Л.А.– 231.

        Жаңақима ауылдық округінің әкімі болып  Қаиржан Анес Саятұлы сайланды, 1984 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Атбасар қаласының тұрғыны, «RESPUBLICA» партиясы арқылы ұсынылды.

          

 

             Жақсы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2026 жылғы 20 шілдедегі шешімімен 2026 жылғы 19 шілдеде Жақсы ауданы Жаңақима ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді.

 

 

 

 Жақсы аудандық сайлау комиссиясы

ХАБАРЛАМА
Дата публикации
20 июля 2026