Жақсы ауданы әкімдігі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

Бекітілді

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты
мемлекеттік мекемесінің басшысы

______________ О. Бочарникова

2026 жылғы «____» шілде

 

 

Жақсы ауданы әкімдігі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

№

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша ұсынымдар

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1.

Жақсы ауданында көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге, лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға байланысты пәтерлердің және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеп, бекіту.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабы 11) тармақшасын іске асыру мақсатында Жақсы ауданы әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеп, әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жолдау.

Аудан әкімдігінің бекітілген және Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен қаулысы.

«Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ.

25 желтоқсанға дейін.

2.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарына сәйкес Электрондық үкімет порталында өтініштерді тіркеу кезінде бизнес-процес кезеңдерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету.

Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын сақтау бойынша бөлім қызметкерлерімен нұсқама өткізу.

Нұсқама хаттамасы, жүргізілген жұмыс туралы ақпараттық анықтама.

«Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ.

25 желтоқсанға дейін..

3.

Анықталған бұзушылықтарды жоюды, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті заңнама талаптарына сәйкес келтіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі қаржылық бақылауды күшейту.

Тексеру комиссиясы анықтаған 5 145 829,6 мың теңге сомасындағы қаржылық есептіліктегі бұрмалаушылықтарды жою.

Заңнама талаптарына сәйкес келтірілген қаржылық есептілік.

«Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ.

25 желтоқсанға дейін.

4.

Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 8С-28-2 «Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне тиісті өзгерістер енгізу.

 

 

Мәслихат шешімінің жобасын әзірлеп, оған Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларының 4-1-тармағына (2025 жылғы 28 шілдедегі № 279 бұйрық) сәйкес тұрғын үй көмегінің мөлшерін есептеу нормаларын енгізу.

Жақсы аудандық мәслихатының қабылданған және Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен шешімі.

«Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.

25 желтоқсанға дейін.

5.

Қазақстан Республикасы заңнамасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы талаптарына сәйкес есептік деректердің сапалы жасалуын қамтамасыз ету.

Мемлекеттік қызмет бойынша статистикалық есептерді бас тартулар туралы деректерді жасыру мен бұрмалауға жол бермеу мақсатында салыстырып тексеру, жауапты мамандармен статистикалық есептілікті бұрмалауға жол берілмейтіні туралы түсіндіру әңгімесін өткізу.

Түсіндіру әңгімесінің хаттамасы.

«Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.

25 желтоқсанға дейін.

6.

Өтініштерді қарау кезінде Қазақстан Республикасы ӘРПК талаптарының қатаң сақталуын, оның ішінде Бөлімнің құзыретіне жатпайтын өтініштердің уақтылы қайта жолдануын қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы ӘРПК-нің 65-бабының талаптарын орындау: бөлімнің құзыретіне жатпайтын өтініштер келіп түскен жағдайда оларды уәкілетті органдарға 3 жұмыс күні ішінде қайта жолдауды қамтамасыз ету. Жауапты қызметкерлермен ӘРПК нормалары мен мерзімдерін сақтау бойынша техникалық нұсқама өткізу.

Нұсқама хаттамасы.

«Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.

25 желтоқсанға дейін.

 

Жақсы ауданы әкімдігі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
Дата публикации
17 июля 2026