2026 жылдың 19 шілдеге тағайындалған
Жақсы ауданы Жаңақима ауылдық округі әкімі болуға кандидаттарды тіркеу туралы
Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеді:
- Тихан Любовь Алексеевна, 1989 жылы туған, «Жақсы ауданы Подгорное ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі, бас маман, Жақсы ауданы Подгорное ауылында тұрады (өзін-өзі ұсыну тәртібімен).
Жақсы ауданы Жаңақима ауылдық округінің әкімі болуға тіркелген кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар, ол кандидатты тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады.
2026 жылдың 28 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2026 жылдың 18 шілде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы «Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» 12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі.