Жақсы ауданы Жаңақима ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы ХАБАРЛАМА

Жақсы ауданы Жаңақима ауылдық округінің  әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары мен  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы

ХАБАРЛАМА

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13 бабының 4 тармағына, 14 бабының 6 тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына, 22 бабына және «Жақсы ауданы Жаңақима ауылдық округі әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Жаңақима ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау және әкімді сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 10 маусымдағы  № 70/48 қаулысы мен Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 шілдедегі  № 19/46  «Жақсы ауданы Жаңақима ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы»  қаулысына сәйкес, Жаңақима ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекарасы мен Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы хабарлаймыз.

 

Жақсы ауданы Жаңақима ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары

 

Жақсы ауданы Жаңақима ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Жаңақима сайлау   округі  Жаңақима ауылдық округінің  шекарасында.

 

 

Жақсы аудандық аумақтық сайлау  комиссиясы

 

Орналасқан жері: Жақсы а., Дружбы көшесі, 14, тел. 8(71635)21-4-04

Комиссия төрайымы – Қасенова Ғалия Халимоллақызы;
комиссия төрайымының орынбасары – Төлеубай Манас Сапиуллаұлы; хатшы – Садуақасова Ләйлім Кенжебайқызы, комиссия мүшелері – Әбілжанов Руслан Жанарұлы, Ахамбаева Айгүл Мерекеқызы, Ибраев Дархан Алтынбекұлы, Райсова Ксения Вячеславовна.

 

Жақсы аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

Жақсы ауданы Жаңақима ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы ХАБАРЛАМА
Дата публикации
10 июня 2026