2026 жылдың 14 маусымға тағайындалған
Жақсы ауданы Белағаш ауылының әкімі болуға кандидаттарды тіркеу туралы
Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеді:
- Әубакіров Аталық Аманжолұлы, 1988 жылы туған, Жарқайың ауданының «Байлык» шаруашылық қожалығы, далалық бригаданың бригадирі, Жақсы ауданы Подгорное ауылында тұрады («AMANAT» партиясынан);
Жақсы ауданы Белағаш ауылының әкімі болуға тіркелген кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар, ол кандидатты тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады.
2026 жылдың 7 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2026 жылдың 24 мамырда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы «Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» 12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі.