2026 жылдың 14 маусымға тағайындалған
Жақсы ауданы Белағаш ауылының әкімі болуға кандидаттарды тіркеу туралы
Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеді:
- Жетекенова Бану Төлегенқызы, 1971 жылы туған, «Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, бас маман, Жақсы ауданы Лозовое ауылында тұрады (өзін-өзі ұсыну тәртібімен);
- Мұханбетжанова Қарлығаш Еркінқызы, 1978 жылы туған, «Жақсы ауданы Тарасов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, бас маман-бухгалтер, Жақсы ауданы Тарасов ауылында тұрады (өзін-өзі ұсыну тәртібімен);
Жақсы ауданы Белағаш ауылының әкімі болуға тіркелген кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар, ол кандидатты тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады.
2026 жылдың 7 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2026 жылдың 24 мамырда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы «Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» 12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі.