«Жақсы ауданы Терісаққан ауыл әкімінің аппараты» ММ 2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы Есебі

«Жақсы ауданы Терісаққан ауыл әкімінің аппараты» ММ

2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

Есебі

          Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі әрекет етуші министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Жақсы ауданының Терісаққан ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді.                                                                                                     

         2024 жылы «Жақсы ауданы Терісаққан ауылы әкімінің аппараты» ММ   мемлекеттік қызмет көрсетілген жоқ.

           Халықты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қолжетімді ету және ақпараттандыру мақсатында барлық мемлекеттік мекемелерде көрнекі ақпарат (ережелері, қосымша үлгілері) бар стендтер орналастырылған.                                           Барлық қызметтер бойынша түсініктемелерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (кеңесшілер) хабарласу арқылы алуға болады.          Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Терісаққан ауыл әкімінің интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін  реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.             «Цифрлық құжаттар әрқашан қолжетімді» e-gov mobile  баннер орнатылды.         Тұрғындар арасында электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімді болуы үшін ауыл әкімі аппаратында «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда азаматтар электронды мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады.   2024  жылы «еgov» бұрышы бойынша 26 мемлекеттік қызмет алынды.         Әлеуметтік желілерде (Faсbook, Instagram) мемлекеттік қызметтің 6 түрі бойынша Ережелер орналастырылған. Аудандық «Жақсынский вестник» газетінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 1 мақала жарияланды.

мемлекеттік қызметтер
Дата публикации
18 февраля 2025