|
|
"Бүлінген жерлерді қалпына |
"Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
|
2 |
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы. |
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
5 (бес ) жұмыс күні. |
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету түрі |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған). |
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын бере отырып, электрондық келісімхат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
|
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін. |
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
|
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) "Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат түрінде жобаны келісуге өтініш; |
|
9 |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Жүктеу |