Меню

Страницы

Статья

2021 жылға «Зернді ауданының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша  қызметі туралы есебі

       «Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 21 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
  2. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
  3. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;
  4. Ақталған адамға куәлік беру;
  5. Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
  6. Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
  7. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
  8. Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу;
  9. Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
  10. Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
  11. Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
  12. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
  13. Тұрғын үй көмегін тағайындау;
  14. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
  15. Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
  16. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
  17. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;
  18. Азаматтық хал актілері жазбаларын жою;
  19. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
  20. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
  21. Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.

       Мемлекеттік қызметтерді көрсету ҚР заңнамасына, мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес жүргізіледі.

       2021 жылы «Зеренді ауданының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ көрсетілген мемлекеттік қызметтредің саны - 2172, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы - 919, электрондық үкімет порталы арқылы - 874, уәкілетті органда - 379.

       2021 жылы неғұрлым сұранысқа ие қызметтер: «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау», «Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»,  «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу», «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру», «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу».

       Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ақпараттық стендтерінде орналастырылған. Стандарттар Зеренді ауданы әкімінің сайтында орналастырылған.

      

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметалушылар

шағымдары туралы ақпарат

 

Шағым беруші туралы мәлімет

Шағым мәнісі

Шағымдықараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қараған күні

Шағымды қарау нәтижесі жөніндегі құжат нөмірі

Қабылданған шешім

Қабылданған

Шешімді қайта қарау

Туралы мәлімет

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

Шағым келіп түскен жоқ

      

          Қызмет көрсету саласындағы «Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы пікірлерді, ұсыныстарды, ескертпелерді аудан әкімінің сайтында қалдыруға немесе «Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ уәкілетті органының орналасқан жері бойынша демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін қалдыруға болады. Нақты және заңды мекенжайы: Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі 52 Б, Байланыс телефондары: 21-1-68.

 

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Зеренді ауданындағы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарлама
21 октября 2026
ПЕРЕЧЕНЬ мест для встреч с избирателями по Зерендинскому району
21 октября 2026
Зеренді ауданы бойынша үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы