Меню

Страницы

Статья

Қарағандыдағы вакцина зауыты күніне неше доза өндіріп жатыр

ҚазАқпарат – «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС маусым айында «Спутник V» вакцинасының өндірісін 1,5 млн дозадан асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС бас директоры Сергей Барон онлайн баспасөз мәслихатында айтты. «Қазір күніне 1 серия шығарамыз. Бір серия дегеніміз – бір компоненттің 150 мың дозасы деген сөз. Біз екі ауысыммен жұмыс істеуді жолға қойдық. Қазір түнгі кезекті іске қосып жатырмыз. Осы айда 1 млн 200 мың доза шығардық. Қазір ол топтама сапа бойынша тексеруден өтіп жатыр. Мамыр айының соңында таратылады деп күтіп отырмыз. Оның алдында ақпан айынан бері 1,8 млн доза шығарған болатынбыз. Ал маусым айында 1,5 млн дозадан асыруға дайынбыз», - деді кәсіпорын басшысы. Сергей Баронның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі Қарағандыдағы вакцина зауытынан 5 млн доза вакцина сатып алу туралы келісімшарт бекіткен екен. «Денсулық сақтау министрлігімен 5 млн доза шығару туралы келісімшарт жасалған болатын. Оны уақытында орындауға толық мүмкіндігіміз бар. Егер тағы өндіру керек болса, келісімшарт аясында ұлғайтуға дайынбыз», -деді компанияның бас директоры.


https://www.inform.kz/kz/karagandydagy-vakcina-zauyty-kunine-neshe-doza-ondirip-zhatyr_a3791619

 

Дата публикации
28 мая 2021
Дата обновления
28 мая 2021
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Зеренді ауданындағы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарлама
21 октября 2026
ПЕРЕЧЕНЬ мест для встреч с избирателями по Зерендинскому району
21 октября 2026
Зеренді ауданы бойынша үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы