Меню

Страницы

Статья

Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар үшін бірқатар шектеулер алынып тасталды

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес COVID-19 инфекциясына қарсы екпенің толық курсынан өткен адамдар үшін бірқатар шектеулер алынып тасталды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды. Атап айтқанда: ауруханаға жатқызудың кез келген түрі үшін, ұйымдасып, ұжымдарға барған кезде, вахталық қызметкерлерге, демалыстан, іссапардан кейін медицина қызметкерлеріне, ауруына байланысты жұмыс орнында болмаған кезде, медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттеріне және басқа адамдарға ПТР тест талап етілмейді. COVID-19 расталған адамдармен байланыста болған жағдайда оқшауланбайды, бірақ оларға медициналық бақылау қамтамасыз етіледі; кеңсе ұйымдарының қызметкерлері қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылмайды. Сонымен қатар шетелге сапарға шыққан кезде ПТР анықтамасы талап етілмейді. 1 шілдеден бастап екпенің екі компонентін салдырған адамдардың статусы «Ashyq» қосымшасында «жасыл» түсті көрсететін болады.


https://www.inform.kz/kz/koronaviruska-karsy-vakcina-algandar-ushin-birkatar-shekteuler-alynyp-tastaldy_a3790006

 

Дата публикации
21 мая 2021
Дата обновления
21 мая 2021
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Зеренді ауданындағы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарлама
21 октября 2026
ПЕРЕЧЕНЬ мест для встреч с избирателями по Зерендинскому району
21 октября 2026
Зеренді ауданы бойынша үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы