Меню

Страницы

Статья

Марат Шоранов: Вакцина салдыруға мәжбүрлеу — заңсыз әрекет

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина салдыру әр азаматтың өз еркінде. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің бірі мемлекеттік қызметшілерді вакцина салдыруға мәжбүрлеп жатқаны туралы ақпараттың тарағанын айтып, осыған қатысты бірінші вице-министрден мән-жайды түсіндіруін сұраған еді.

«Екпені өз еркімен келген азаматтарға ғана саламыз. Вакцина алған адамдарға ауруханаға барғанда, ел аумағында сапарлағанда, шетелден елімізге келсе ПТР тест нәтижесі қажет болмайды. Яғни, оларда мұндай шектеулер алынып тастап жатырмыз. Бірақ, бұл қосымша ынталандыру үшін жасалып отыр. Біреулерді күштеп вакцина салдырып жатыр деген ақпаратты рас деп айта алмаймыз. Мұндай жайт орын алса, онда ол заңсыз әрекет саналады», - деді Марат Шоранов.


https://www.inform.kz/kz/marat-shoranov-vakcina-saldyruga-mazhburleu-zansyz-areket_a3789921

 

Дата публикации
21 мая 2021
Дата обновления
21 мая 2021
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Зеренді ауданындағы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарлама
21 октября 2026
ПЕРЕЧЕНЬ мест для встреч с избирателями по Зерендинскому району
21 октября 2026
Зеренді ауданы бойынша үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы