Меню

Страницы

Статья

Алексей Цой Үндістандағы коронавирус штамынан қорғалу қадамдары туралы айтты

Сенаттың жалпы отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың Үндістанда таралған штамынан қорғану іс-шаралары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үндістанда таралған штамға тоқталсақ, бұл елмен арада қазір тікелей әуе рейстері жоқ. Сонымен қатар бас санитар дәрігердің тиісті қаулысы бар, яғни Үндістаннан сапарлап келгендер оқшаулануы керек және 14 тәулік бойы медициналық бақылауда болуы тиіс», - деді министр.

Оның айтуынша, ПЦР-тест теріс нәтиже көрсетсе де осындай қауіпсіз шаралары ескеріледі.

«Сонымен қатар, коронавирустың барлық штамдары ПТР-тест кезінде анықталады.

Мұнымен қоса, ай сайын ел аумағында тиісті өлшемдерді жүргізіп келеміз. Қазіргі кезде Қазақстанда үндістандық штамм анықталмаған, дегенмен біз тиісті өлшемдерді жүргізуді жалғастырамыз», - деді А. Цой.


https://www.inform.kz/kz/aleksey-coy-undistandagy-koronavirus-shtamynan-korgalu-kadamdary-turaly-aytty_a3790197

 

Дата публикации
21 мая 2021
Дата обновления
21 мая 2021
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Зеренді ауданындағы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарлама
21 октября 2026
ПЕРЕЧЕНЬ мест для встреч с избирателями по Зерендинскому району
21 октября 2026
Зеренді ауданы бойынша үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы