Меню

Страницы

Статья

Адамдар арасында вакцинаға қатысты қандай үрей бар – cарапшы түсіндірді

Тұрғындар арасында COVID-19 -ға қарсы вакциналар коронавирус індетін тудырады деген үрей бар. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Адамдар арасында COVID-19 -ға қарсы вациналар індет тудырады деген әлі де үрей бар. Бірақ ұсынылған вакциналардың ешқайсысында COVID-19 ауруын тудыратын тірі вирусы жоқ. Демек, вакцинадан кейін сізді COVID-19 ауырына шалдықтыра алмайды», - деді М. Смағұл Орталық коммуникациялар қызметінде. Осы орайда ол кңез келген екпе сияқты COVID-19 жұқпасына қарсы вакциналарда да жанама әсерлер болуы мүмкін. «Олардың көпшілігінде жеңіл түрде бірнеше күн ішінде өздігінен кетеді», - деді Манар Смағұл. Бұдан бұрын хабарланғандай, 14 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. «Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары орналасқан.


https://www.inform.kz/kz/adamdar-arasynda-vakcinaga-katysty-kanday-urey-bar-carapshy-tusindirdi_a3788036

Дата публикации
18 мая 2021
Дата обновления
18 мая 2021
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Зеренді ауданындағы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарлама
21 октября 2026
ПЕРЕЧЕНЬ мест для встреч с избирателями по Зерендинскому району
21 октября 2026
Зеренді ауданы бойынша үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы