Меню

Страницы

Статья

Автобустағы мәселелерді білеміз – Алексей Цой қоғамдық көлікпен соңғы рет қашан жүргенін айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой соңғы рет қашан қоғамдық көлікке мінгені туралы тілшілер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өткен жылы балаларыммен бірге автобуста жүрген едім. Ал қазір ондай мүмкіндік жоқ, өйткені тәулік бойы жұмыста жүрміз. Бірақ біз қоғамдық көлікте жолаушылар тығыздығы бойынша проблема бар екенін көріп отырмыз, кей жерде рейстердің жиілігі сәйкес келмейді. Бұл жұмысты әрбір әкімдікпен бірге жүргізіп жатырмыз және жергілікті жерлердегі нақты жағдайды да білеміз», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Министр Ashyq қосымшасына мейрамханалар неге бірінші кезекте қосылғанын түсіндірді. «Мұнда біз бағдарламаның қызмет аясын кеңейтіп, қарастырып жатырмыз. Бірақ басты назар азаматтар маскасыз ұзақ уақыт отыратын ұйымдарға аударылады. Неліктен біз мейрамханаларды бірінші кезекте алдық? Себебі азаматтар үстел үстінде маскасын шешеді, ауру жұқтыру қаупі болады. (...) Автобустарда маска тағу режимі бар. Мұнда азаматтардың тұру ұзақтығы тамақтану орындарындай үлкен емес. Біз сондай-ақ басқа да нысандардың Ashyq-қа қосылу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз», - деп түйіндеді Денсаулық сақтау министрі.

Дата публикации
06 мая 2021
Дата обновления
06 мая 2021
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Зеренді ауданындағы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарлама
21 октября 2026
ПЕРЕЧЕНЬ мест для встреч с избирателями по Зерендинскому району
21 октября 2026
Зеренді ауданы бойынша үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы